Сот қызметкерлері сынақтан сүрінбей өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 05:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот қызметкерлері сынақтан сүрінбей өтті

31 Марта 2017 (18:34) | 1605 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Ақкүміс Қараджаеваның мәлімдеуінше, «Қазақстанда 1 ақпаннан бастап мемлекеттік қызметкерлерді кешенді тестілеу басталған болатын. Осылайша, Елбасы жариялаған Ұлт жоспарының 15-қадамында көзделген «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізу туралы тапсырмасын орындау мақсат-міндеттері іске асырылуда.

 

Аттестаттауды өткізудегі басты мақсат - мемлекетттік қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін анықтау болып табылады.

 

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінде 197 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды. Соның 121-і мемлекеттік аттестаттаудан өтуге міндетті болған. Ал, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің 76 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу туралы қағидасына сай, аттестация тапсырудан босатылған.

 

Аймақта мемлекеттік қызметкерлер сынағынан алдымен Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы мен орынбасары және облыстық соттың кеңсе меңгерушісі өтті.

 

Емтихан үш кезеңнен тұрды:.

1) бағалау парағын дайындау,

2)жеке құзыреттерді бағалайтын тест сұрақтары,

3) аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өту.

Үш кезеңнен тұратын аттестацияның бірінші сатысында бағалау парағына қызметкердің еңбек өтілі, марапаттары мен жұмыс барысында жіберген кемшіліктері туралы мәлімет жинақталды.

Ал екінші кезеңде 2 сағаттың ішінде сынақ тапсырушылар 220 сұраққа жауап берді.

Үшінші кезеңде арнайы комиссия осынау сынақ кезеңдерін қорытындылап, өз шешімін шығарды».

 

-Осылайша Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің 121 қызметкері мемлекеттік атестаттаудан сәтті өтті. Сынақтың екінші кезеңінде 19 қызметкер қанағаттанарлық, 81 тиімді, 21 өте жоғары деген бағалау қорытындыларын алды. Ал,сынақтан сүрініп, ең төмен баға алған қызметкер мүлдем болмады.

 

Одан кейінгі әңгімелесу сатысында сот қызметкері екінші кезеңде, тестте алған нәтижелерінің шындыққа сай келетіндігін және теориялық білімдерін жұмыста, тәжірибеде ұштастырып, жоғары деңгейде жұмыс жасап отырғандықтарын тағы да бір дәлелдеп берді.

 

Айтып кететін бір жәйт - ағымдағы жылдың 15-16 наурыз күндері Маңғыстау облыстық сотында өткізілген аттестаттау комиссиясының әңгімелесу барысы бейне-бақылау арқылы жүргізілді. Аттестаттау комиссиясының құрамында өз ісінің маманы, мемлекеттік қызмет саласының жілігін шағып, майын ішкен азаматтар болды.

 

Аттестаттау комиссиясы Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің 109 қызметкерінің атқаратын лауазымына сай келетіндігін, 12 қызметкердің атқаратын лауазымына сай және атқаратын лауазымын жоғарылатуға ұсыныс беру жөнінде шешім қабылдады. Осы аттестацияны уақытылы шара деп ойлаймын. Өйткені Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін кәсіби мемлекеттік қызметкер қажет деп есептеймін, - дейді Маңғыстау облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Ақкүміс Қараджаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему