Маңғыстауда көліктердің 70 пайызы газбен жүреді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 10:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда көліктердің 70 пайызы газбен жүреді

28 Марта 2017 (19:26) | 1926 | Автор: Мира Ботабекова

 

Соңғы күндері өңірде сұйытылған газ тапшылығы тағы сезіле бастады. Газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Жүргізушілер газ бағасы қымбаттай ма, деп алаңдаулы.

 

Осы жағдайға байланысты облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Бекқали Жұбановтан мән-жайды сұрап білдік. Оның айтуынша, сұйытылған газ бағасы қымбаттамайды. Әзірге баға тұрақты, литрі 35 теңге. Бұл еліміздегі ең арзан баға екен. Өзге өңірлерде орта есеппен сұйытылған газдың бағасы литріне 60-70 теңгені құрайды.

 

Маңғыстау облысында көліктердің 70 пайызы сұйытылған газбен жүреді. 116 мың көлік. Жүргізушілердің көгілдір отынға деген сұранысы ай сайын емес, күн санап артып келеді. Газбен жүретін машиналардың саны наурызда тағы 20 пайызға өсіпті. Былтыр өңірге айына 12 мың тонна сұйытылған газ беріліп тұрған, биыл 14 мың тоннаға көбейтілді. Сонда да, газ тапшылығы сезіледі. Аймақта 216 газ құю бекеті бар.

Аймақ Жаңаөзендегі газөңдеу зауытының өнімін тұтынып отыр. Зауыт 100 пайыз ішкі нарықты қамтуда. Экспортқа шығаруды былтыр тоқтатқан.

 

Әкімдіктегілер сұйытылған газға көшетін көлік иелерінің саны тағы артатын болса газ тапшылығы мәселесінің күрделене түсері анық, дейді. «Сондықтан да қазір ҚР энергетика министрлігінен шикізат көзін көбейтіп, зауыт өндіретін өнім көлемін арттыруды сұрадық. Ұсынысымыз қаралып жатыр»,-дейді облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Бекқали Жұбанов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему