Шағын және орта бизнес үшін индустриялық аймақ құрылады
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 21:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шағын және орта бизнес үшін индустриялық аймақ құрылады

27 Марта 2017 (12:44) | 1992 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтаудағы бұрынғы пластикалық массалар зауыты алаңында болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысының индустриялық аймағын құру қажеттілігі туындайды. Индустриялық аймақтардың негізгі қызметі өнеркәсіп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесуге, жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құру және кеңейту шығындарын оңтайландыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.

 

Бұрынғы зауыт алаңы шағын және орта бизнес нысандарын орналастыру үшін пайдаланатылатын болады. Өндірістік нысандардың жабдықталуы және ғимарат құрылысы үшін алаңдағы жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлер үшін тоқтап тұрған, жұмысы тұрып қалған немесе жұмыс істемейтін кәсіпорындар сатылуға немесе жалға беруге дайын.

 

Қазіргі уақытта индустриялды аймақ жоспарланып отырған аумақта өз қызметін бастауға 30-ға жуық компания ниет білдірді.

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  индустриялық аймақты бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік жобалармен толтыру және дайын өндірістік алаңдарды қажетті дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау облысының әкімдігіне, «Каспий» ӘКК» ҰК» мен «Атамекен» ҰКП-ға нақты тапсырмалар берді.

 

Бұл аймақтың индустриалдық-инновациялық дамуына үлес қосып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік ашады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему