Республика чемпионатында ерекшеленді
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 20:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Республика чемпионатында ерекшеленді

25 Марта 2017 (10:40) | 1710 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

         Алматы қаласында гір тасын көтеру және қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен жиналған мыңнан астам спортшылар қатысты. Олардың арасында облыстық гір спортының бас бапкері Нартай Алтыбаевтың шәкірттері ерекшеленді.

 

 

         Атап айтар болсақ, гір тасын көтеруден маңғыстаулық спортшылар Нұркен Айтқали (24*24) мен Жомарт Роман (32*32) күміс жүлдегерлер атанды. Айгерім Ходжалепес қола жүлдені қанағат тұтты.

 

Жарыста оқ бойы озып, жеңімпаз атанғандар Азия және Әлем чемпионаттарының жолдамасын иеленді.  

 

         -Бұл жарыс биылғы жылы өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына іріктеу. Бәсеке ардагерлер, жастар мен жасөспірімдер арасында өтті.

 

 Бұған дейін Шымкент қаласында өткен жарыста шәкірттерім Нұркен мен Жомарт қола жүлдені жеңіп алған болатын.

 

 Бұл жолы бұйырғаны күміс болды. Екі жігітіміз де «Спорт шебері» атағын абыроймен қорғады.

 

 

Ал, 8-сыныптың оқушысы - Айгерім қызымыз 12 келілік гір тасын көтеріп, қоланы иеленіп отыр. Бұл-Айгерімнің алғашқы қатысқан жарысы.

 

 

Әлі де талай шыңдарды бағындырып, алтыннан алқа тағады деп сенеміз.

Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен облыстық армрестлинг және гір федерациясының президенті Роман Исламғалиевқа алғыс айтамын,-дейді облыстық гір спортының бас бапкері Нартай Алтыбаев.  

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему