Ақтаулық тәртіп сақшылары Наурыз мейрамын тойлады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық тәртіп сақшылары Наурыз мейрамын тойлады

24 Марта 2017 (09:18) | 2144 | Автор: Нурганым Имашева

 

Еліміздің әр өңірінде Наурыз мерекесіне орай дүркіреген той өтіп, Қазақстан халқы көктемгі жаңару мейрамын бірлікте, татулықта, шат-шадыман күйде қарсы алуда.

Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасының ұжымы да Ұлыстың Ұлы күнін тойлаудан шет қалмады. Облыс орталығында өткен мерекелік шараларда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, күшейтілген режимде қызмет еткен тәртіп сақшылары 23 наурыз күні-бейсенбіде Басқарма ауласына түгел жиылып, мейрамды атап өтті.

Аулаға ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, оларда қызметкерлерге арналған мерекелік дастархан жайылды. Қазан-ошақта от лаулап, Шығыстың палауы дайындалды.

Той салтанатына сақшылардың отбасы мүшелері де келген. Әсіресе тойға шашылған шашуды теріп, тәттіге қуанған, велосипедтер мен машиналарға отырып, ойынның қызығына батқан бүлдіршіндер мәз-мейрам болды.

Мерекеге келушілерді Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасының басшысы полиция полковнигі Болат Ақшауов құттықтады:

-Құрметті ханымдар мен мырзалар, әріптестер! Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!Барша тіршіліктің жаңаратын, Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын бұл мерекені өзге мемлекеттердегі түрлі ұлт өкілдері де тойлауда.

 Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке, молшылық, ауызбіршілік, дендеріңізге-саулық тілеймін. Жылдан-жылға аман-есен, жақсылықта кездесе берейік.

Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің өнерпаздары сахналаған қойылым кезінде қазақ халқының ертеден Наурызды қарсы алу дәстүрі көрсетіліп, жас әртістер әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, өнерлерімен тойдың көрігін қыздыра түсті.

Мерекеде ұлттық салт-дәстүріміз дәріптеліп, 1 жасқа жаңа толып, алғашқы қадамын басқан сәбидің  тұсауы кесілді.

Жеке құрам арасында арқан тартудан және қол күресінен (армрестлинг) сайыстар ұйымдастырылып, әр бөлімшенің тәртіп сақшылары өзара күш сынасты.

 

 

Наурыз мерекесі тұсында Басқарма қызметкерлерінің қол жеткізген жетістіктері туралы сауалымызға жауап берген Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасының Штаб бөлімінің бастығы полиция майоры Габдулова Айгүл Қажымұқанқызы:

-Биылғы жылы 2 айдың ішінде тіркелген құқықбұзушылықтар саны – 550             болып отыр, былтыр – 740 болатын, ауыр қылмыстардың саны – 80, былтыр осы уақыт ішінде бұл көрсеткіш - 95-ті құраған болатын, яғни биыл 15 дерекке азайып отыр. Өте ауыр емес қылмыстар былтыр – 150 болса, биылғы 2 айда – 96-сы тіркелді.

Аса ауыр қылмыс былтырғы жылдың екі айында - 2 болса, биыл - біреу болып отыр. Айыппұлдарды өндіру көрсеткіштері бойынша - 10 мың 393 әкімшілік айыппұл салыну фактісі анықталып, жалпы сомасы 7728 факті бойынша - 53 млн 771 мың, өндірілген сомасы -26 000, жалпы өндірудің көрсеткіші - 49 пайызды құрап отыр.

Көші-қон саласы бойынша алыс және жақын шет елдерден келіп уақытша тіркелген азаматтардың саны екі айда - 10 мың 23 адамды құрады.

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар – 3832 адам, жол қозғалысы ережесін бұзғандар саны – 6282.

Жасөспірімдердің қатысуымен қалада 1 жол көлік оқиғасы орын алды, оның салдарынан 1 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Былтырғы жылдың 2 айында балалардың қатысуымен 2 дерек тіркелген болатын.

Жол полициясы мамандары және ювеналдық полиция қызметкерлерімен мектептерде, барлық білім беру ошақтарында балалармен тәртіп бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері жүргізіліп отырған осы шаралардың нәтижесінде осындай жетістіктерге, яғни қылмыстардың азаюына қол жеткізіп отырмыз, -деп мәлімдеді.  

Спорттық сайыстар мен мәдени шаралар аяқталған соң Наурыз тойы арнайы дайындалған  мерекелік дастарханнан дәм татумен жалғасты.

Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему