Наркологиялық диспансерде Ұлыстың ұлы күні тойланды
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 07:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Наркологиялық диспансерде Ұлыстың ұлы күні тойланды

20 Марта 2017 (12:02) | 1673 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

            Наурыз тойы Облыстық наркологиялық диспансерде айырықша аталып өтті. 150-ге жуық қызметкері бар емдеу-сауықтыру мекемесі жылдағы дәстүрінше  киіз үй тігіп, ұжым ішінде бірнеше аталымдар бойынша сайыстар өткізді.

            Диспансердің 5 бөлімшесі алдымен, ұлттық киім бойынша үздіктерді таңдады. Нәзік жандыларға ерекше келбет сыйлайтын қазақы нақыштағы киімнің түр-түрі қызметкерлердің үстінен табылды.

            Ұжым басшылығының ұсынысымен, екінші кезеңде әр бөлімше өзіндік өнер тартуын ұсыну керек. Ақ халаттылар бұл сыннан да сүрінбей өтіп, әннен алқа тақса, бірі – биден шашу шашты.

-          Жыл сайын Наурыз мерекесін асыға күтеміз. Биыл да жақсы көңіл күйде атап өтудеміз.

Бұл мерекеге наркологиялық диспансерде қызмет еткен аға буын ардагер әріптестерімізді де шақырдық. Үлкендердің ақ батасын алып, жылымыздың жетістікті болуына тілек еттік – деді, диспансердің бас дәрігері К. Қаражанова

            Мерекенің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан барлық дәрігерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему