Орыс тілі білгірлерінің үздіктері анықталды
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 20:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Орыс тілі білгірлерінің үздіктері анықталды

20 Марта 2017 (12:00) | 2414 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы қазақ жастары арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында қазақ жастары арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауын өткізді.

Сайысқа аймақтың қала-аудандарынан келген 15-18 жас аралығындағы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары және облыстың түрлі колледж, лицейлерінде оқитын 34 үміткер қатысты.

Байқауға келгендерге мынадай сыннан өту талабы қойылды:

- бірінші аталым: жазбаша және ауызша бөліктен тұрды:

а) жазбаша бөлігі: ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу. Эссенің көлемі: 1,5-3 бет. Тапсырманы орындау уақыты – 30 минут;

б) ауызша бөлігі: сарапшылар ұсынған тапсырманы орындау. Қатысушылар өздері таңдаған билеттер бойынша ондағы шағын мәтінді орыс тіліне аударды.;

- екінші аталым: «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: орыс халық әндерін немесе заманауи әндерді орындау (үй тапсырмасы), орындау уақыты – 3-5 минуттан аспауы тиіс немесе орыстың ұлы тұлғаларының шығармаларынан үзінді оқу (үй тапсырмасы), орындау уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс.

Сайыс төрешілері қатарында орыс тілінің мамандары Ш.Есенов атындағы КМТжәнеИ университетінің оқытушысы Раушан Каметова, Қазақ-түрік лицейінің ұстазы Нина Капизова, «Тумба» апталығының тілшісі Нұрғаным Имашева, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының ұстазы Тілеулиева Тойен, Өнер колледжінің вокал пәнінің оқытушысы Берікбаева Шолпан болды.

 

Қазылар алқасының шешімімен әрбір сынақтан соң төмен ұпай жинаған қатысушылар жарыстан шығып қалып жатты. Бірінші жазбаша сын - эссе жазудың нәтижесінде 34 сайыскердің 20-сы ғана ІІ-турға өтті.

Ауызша сынақ қорытындысымен аударма өнерінде шеберлік танытқан 15 оқушы ғана соңғы ІІІ – турға өту мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасын орындау барысында 7 - байқауға қатысушы ғана үздіктер қатарынан көрінді.

Байқаудың барлық сындарынан сүрінбей өткен сайыскерлер келесідей нәтижелер көрсетті:

Бас жүлдені жеңіп алған - Жылқышиева Мариям, Ақтау қаласы № 21 орта мектебінің оқушысы;

I – орынды иеленген - Жантілеуова Ажар, Ақтау қаласы Экономикалық лицейінің шәкірті;

II – орын бұйырған - Рахметова Нейла, Ақтау қаласы № 13 гимназия білімпазы;

III – орынды қанағат тұтқан - Кенесова Гүлжайна,  Мұнайлы ауданы, № 10 орта мектебінің оқушысы;

Ынталандыру сыйлықтарымен марапатталғандар - Мекенова Сымбат, Ақтау қаласы № 13 гимназияның шәкірті; Қайролданова Алуа, Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы; Узбекова Гүлмариям, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының білімпазы.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының арнайы дипломдарымен, Алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему