Маңғыстау кикбоксшылары республикалық чемпионаттан  11 жүлдені еншіледі
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 09:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау кикбоксшылары республикалық чемпионаттан 11 жүлдені еншіледі

17 Марта 2017 (15:06) | 1536 | Автор: Нурганым Имашева

 

Аймақ спортшылары Қостанайдан жүлделі оралды. Бұл жолы кикбоксшылар Қазақстан Республикасының кадеттер арасында өткен чемпионатына қатысып, 11 жүлденімұтып алды. Осылайша, Маңғыстау облысының командасы үшінші орыннан көрінді.

         Үш күнге созылған жарысқа аймақтан 28 спортшы қатысып, бақтарын сынады. Олардың арасынан 45 келі салмақта Берекет Құлқашев, 67 келі салмақта Ғани Әбілқанов, 71 келі салмақта Жалғас Сағатов, 81 келі салмақта Ақылбек Құдайбергенов жарыс жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тақты.

Күміс медальді иеленгендер қатарында 54 келі салмақта Ақберен Бегендіков, 60 келі салмақта Сержан Тұщыбекұлы, 71 келі салмақта Рүстем Тілегенов, +81 келі салмақта Дамир Амангелді бар.

Сонымен қатар, 42 келі салмақта Арыс Тарғынов, 48 келі салмақта Аян Қанатұлы, +81 келі салмақта Ақжол Жылқыбай қола медальдардың иесі атанды. Осылайша облыс қоржыны 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медальдармен толықты.

         -Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген жалпы саны 290 спортшы қатысты. Кикбоксингтің фулл-контакт, к-1, лоу-кик бөлімдері бойынша өткен жарысқа облыстан 28 спортшыны апардым. Оның 11-і жүлделі орындарды иеленді.

Маңғыстау облысының командасы Жамбыл мен Шымкент облыстарынан кейін үшінші орынға тұрақтады. Бұл - үлкен көрсеткіш.

Жалпы бүгінгі таңда облыс орталығындағы «Толқын» спорт кешенінде кикбоксингпен 90 бала жаттығып жүр,-дейді Маңғыстау облысының кикбоксингтен аға жаттықтырушысы Есенмұрат Селиков.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему