Мектепте өткен ұлы той
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 02:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектепте өткен ұлы той

16 Марта 2017 (14:08) | 3000 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаудағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебінде күні кеше «Амал келді – жыл келді!» мерекесі тойланды. Білім ордасы «Көрісу» күнін биыл дүркіретіп өткізді. Мектеп ауласына аң шаңқан үйлер тігіліп, қазан көтерілді. Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өткізіліп, өнерлі оқушылар ән мен жырдан шашу шашты.

 

Амал мерекесі күні мектеп басшысынан бастап ұстаздар да, оқушылар да мектеп формасының орнына көздің жауын алатын ұлттық киімдерін киіп келді. Бір-бірімен көрісіп, қауышып, мерекемен құттықтап жатты. Ақ тілектерін арнады.

 

Гүлзада Еңсегенқызы, Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің директоры:

-Бүгін біздің мектебімізде үлкен той өтіп жатыр. Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылын тойлап жатырмыз. Амал мерекесін мектеп ұжымы, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар бірігіп өткізіп жатыр. Басты мақсатымыз – балаларды қуанту және шәкірттеріміздің бойына ұлттық салт-дәстүрімізді сіңіру. Қазақтың тарихы тереңде жатыр, дәстүрге бай халықпыз. Міне, соны бәріміз дәріптеуіміз керек. Оқушылар жастайынан осы мерекенің, осы күннің маңыздылығын түсініп өсуі тиіс. Барша халықты мерекемен құттықтаймын. Әрбір шаңыраққа бақ-береке тілеймін.

 

Бұл күні мектеп ауласына қос киіз үй тігілді. Ата-аналардың көмегімен киіз үйдің ішіне дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылды. Ал, сыртта қой сойылып, қазанға ет салынды. Жиналғандар аулада пісіріліп жатқан ыстық бауырсақтан дәм татуға мүмкіндік алды.

 

Гүлмира Рахова, №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-Бүгінгі мерекені кең көлемде атап өтуге мектеп ұжымымен қатар ата-аналар да барынша атсалысып жатыр. Бірі бауырсақ пісіріп, енді бірі ет асып, тағы бірі шәй қайнатып қолұшын беруде. Барлығының көңіл-күйі керемет. Әсіресе оқушылар қуанып жүр. Әріптестерімді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін.

 

Амал мерекесін тойлау барысында мектеп дәлізінде тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жәрмеңкеге әр сынып барынша үлес қосуға тырысқан. Мәселен, 11 «а» сыныбының оқушысы Жансая Тасболатова жәрмеңкеге шұбат пен қолдан тәтті нандар пісіріп әкеліпті.

 

Жансая Тасболатова, №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің 11-сынып оқушысы:

-Бүгінгі жәрмеңкеге сыныптағы қыздар да, балалар да аналарынан көмек сұрап, тәттілер, ұлттық тағамдар әзірлеп әкеліпті. Үстелімізде балқаймақ та, тары мен талқан да, торттың бірнеше түрі, бауырсақ, құрт, ірімшік, сүт, шұбат, айранымызға дейін тұр. Бұл тағамдарды мектеп ішінде бір-бірімізге сату арқылы түскен қаражатты қайырымдылық істерге жұмсайтын боламыз. Мектеп басшыларының ұйғарымы бойынша, қарттар үйіндегі ата-әжелерімізге береміз.

 

Бұл шараның тәрбиелік маңызы зор. Оқушыларды жастайынан қайырымды болуға, өзгелерге жақсылық жасауға тәрбиелейді.

 

Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты. Наурыз, ұлттық дәстүр, Отан туралы әндер шырқалды. Қыздар мың бұрала би биледі. Наурыз мерекесін тойлауға арналған шаралар мұнымен бітпек емес. Өткен аптада мектеп ауласына тал егуден басталған шаралар тізбегі 22 наурызға дейін жалғасатын болады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему