Әкімшілік заңнамадағы жаңашылдықтар
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 09:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әкімшілік заңнамадағы жаңашылдықтар

16 Марта 2017 (10:40) | 1963 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл жөнінде Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Марат Орынбекұлы Күздеубаев түсіндіреді.

- Елбасы Н.Назарбаевхалыққа ұсынған жолдауында Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып, Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет екенін атап өтті.

Аталған міндетті жоғары деңгейде орындау үшін әрбір азамат өзінің қызмет ету саласындағы кездесетін мәселелерді қоғам талабына сәйкес дамытып отыруы қажет. Себебі, өмірде орын алып жатқан қоғамдық қатынастар күннен – күнге өзгеруде және жаңғыртуды талап етеді. 

Мәселен, әкімшілік заңнама дегеніміз ол - әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ету туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тiкелей қолданылады, - деп мәлімдеді Марат Орынбекұлы.

Оның пайымдауынша: «Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды».

- Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының талаптарына сәйкес - Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес, әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады,- дейді Жаңаөзен қалалық әкімшілік сотының төрағасы М. Күздеубаев.

Марат Орынбекұлының мәлімдеуінше, «Аталған баппен қаралған әкімшілік істерді және құқық бұзушылардың көз-қарастарын зерттей отырып, қолданыстағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының санкциясына төмендегідей өзгертулер енгізілу қажет деп санаймын: 1) 1 бөлігі бойынша айыппұл мөлшерін оннан бес айлық есептік көрсеткішке дейін азайтуға, әкімшілік қамаққа алу мерзімін бес тәулікке дейінгі мерзімге азайтуға; Негіздеме: құқық бұзушымен жасалған әрекеттің бірінші рет жасалуын және әкімшілік жазаның жасалған құқық бұзушылыққа қарағанда тым ауыр екенін ескеріп. 2) 2 бөлігі бойынша бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға; Негіздеме: құқық бұзушымен жасалған әрекеттің бір жыл ішінде қайталап жасалынуын ескеріп. 3) 3 бөлігі бойынша айыппұл мөлшерін жиырмадан он айлық есептік көрсеткішке дейін азайтуға; Негіздеме: осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес, әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдардың материалдық жағдайына қолданылатын айыппұл мөлшерінің тым ауыр екенін ескеріп.

Жоғарыда аталған ұсыныстар заң шығарушы органмен ескеріліп, қолданыстағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізілген жағдайда Қазақстан халқының қоғам талабына сәйкес дамуына және тәрбиеленуіне өз септігін тигізетіні анық». 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему