Ерлан Сағадиев қазақ тілі тестіне қатысты түсініктеме берді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 20:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ерлан Сағадиев қазақ тілі тестіне қатысты түсініктеме берді

15 Марта 2017 (10:47) | 1881 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Ұлттық бірыңғай тестілеуден қазақ тілі алынып тасталды» деген ақпарат кешелі-бері әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. «Осы мәселеге қатысты бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев түсініктеме берді»,-деп хабарлайды «Хабар.кз». 

 

Оның айтуынша, биыл түлектердің бәрі бірдей қазақ тілінен тест тапсыратын болады. Алайда орыс және өзге тілді түлектер қазақ тілі тестін мектеп қабырғасында аттестат аларда тапсырса, мемлекеттік тілде оқыған оқушылардың тіл білімі Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде сыналады. Министрліктің бұндай қадамға баруының себебі 12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін Ұлттық Бірыңғай тестілеу аясында тапсырып келгенмен, оның нәтижелері есепке алынбаған көрінеді.  Сонымен қатар мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған.  Сондықтан тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген екен. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі -Қазақ мектепдерді бітірген балалар енді ҰБТ-ны қазақ тілінде алып отыр ғой. Биыл олар 80-85 пайыз болады. Қалған 15 пайыз балалар мектептерінде бірыңғай тест ретінде қазақ тілін өтеді. Бірақ билеттер арқылы емес, бірыңғай тест ретінде 100 пайыз балаларымыз қазақ тілін тапсыратын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему