Дәрігер үйге мұқтаж азаматтардың тізіміне қайта енгізілді
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 21:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дәрігер үйге мұқтаж азаматтардың тізіміне қайта енгізілді

14 Марта 2017 (21:37) | 4277 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтау қаласының №2 сотына жүгінген талапкер К. жергілікті атқарушы орган әкімдіктің қабылдаған шешімінің заң талаптарына сәйкес еместігін, Ақтау қалалық әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының хаттама шешімдерінің тұрғын үй беруден бас тарту және тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізімдемесінен шығару туралы бөліктерін заңсыз деп тану туралы талап арыз берген.

 

Сотта талапкердің отбасында 6 адам бар екендігі, оның 2-еуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер екендігі, екі бөлмелі пәтерде тұратындығы, жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда екендігі, тұрғынжайын жақсартуға мұқтаждығы анықталған. Сонымен қатар, талапкер 1987 жылдан бері медицина саласында қызмет атқаруда, кезекке 24.08.2001 жылы бюджеттік мекеменің қызметшісі ретінде тұрған. Ақтау қаласы әкімдігінің 28.09.2016 жылғы №14 хаттама шешімімен талапкерге мемлекеттік қордан тұрғын-үй беруден бас тартылып, 01.11.2016 жылғы №8 хаттама шешімімен талапкер тұрғынжайға мұқтажы азаматтардың тізімдемесінен шығарылған.

 

Сондықтан, сот анықталған мән-жайларды ескеріп, талап арызды қанағаттандырып, талапкерді тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізімдемесіне қайта енгізді.

 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему