Маңғыстауға украиндықтар келді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 06:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауға украиндықтар келді

14 Марта 2017 (20:30) | 1845 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстауға арнайы украин делегациясы келді. Мақсаты – Қазақстан халқы Тарази деп атап кеткен, украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченконың туғанына 203 жылдығын атап өту.

Делегацияның құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан украиндарының радасы» ЗТБ үйлестіру кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Юрий Тимощенко, Украинаның Қазақстандағы уақытша өкілі Владимир Джиджора, «Қазақстан украиндарының радасы» ЗТБ үйлестіру кеңесінің мүшесі, Астана қаласындағы «Оберег» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тамара Ширмер бар.

Алдымен делегаттар Маңғыстау обысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашевпен кездесті. Олар сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жаңғырту тақырыбында әңгіме жүргізді.

«Соңғы жылдары белгілі оқиғаларға байланысты Украина мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы күрт төмендеді. Оны қалпына келтіру, тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібін одан әрі дамыту, Каспий арқылы транспорт пен логистика және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері талқыланды», - дейді Ю.Тимощенко.

Әкім орынбасарымен кездесуден кейін делегаттар Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласына жол тартып, «шевченколық» естелік жерлерді аралады. Олар ұлы Кобзарь мұражайына, ақынның шамамен 7 жыл тұрған жер асты үйіне, Новопетровск бекінісінен қалған тарихи қабырғалар мекеніне сапарлады.

– «Мемлекет өз қаржысына украин және қазақ халқының құнды заттарын қорғауға алғаны және ұлы Кобзарьдың құжаттарын, жеке заттары мен картиналарына аса мән бергені қуантады. Тарас Шевченконың әрбір үшінші туындысы Қазақстанға, қазақ ұлтының тұрмысына, мәдениеті мен салт-дәстүріне арналғаны белгілі. Егер оның картиналарын көрген болсаңыз, жергілікті әйелдердің сұлулығы керемет суреттелген», - дейді Ю.Тимощенко.

Ақпарат Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтынан алынды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему