Тарас Шевченконың ТМД бойынша ең үлкен ескерткіші Ақтауда
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 13:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тарас Шевченконың ТМД бойынша ең үлкен ескерткіші Ақтауда

14 Марта 2017 (20:28) | 1728 | Автор: Мира Ботабекова

 

Екі күндік сапармен келген украиндықтар маңғыстаулықтардың кең пейілі мен қонақжайлылығына риза болды. Делегаттар сапары Түпқараған ауданынан соң Ақтау қаласында жалғасты. Т.Шевченконың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Т.Шевченкоға арналған ескерткіштердің ішінде (ТМД елдерінде барлығы 1500 ескерткіш бар) ең үлкені Ақтау қаласында. Осы ескерткіш алдында ұлы ақынның құрметіне митинг өтті. Оған қонақтардан басқа Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Алдашев, Ақтау қаласының әкімі С.Тұрымов және Маңғыстау облысының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Г.Исмурзина қатысты.

 

Митингтен кейін делегаттар «Достық үйіне» келді. Этномәдени бірлестік өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қонақтарды аса қонақжайлылықпен қарсы алды. Қазақтың ұлттық бауырсағы мен шұбатынан дәм таттырды. Достық үйі мен облыстағы ҚХА жұмысын таныстырды. Мұражайдағы 21 этномәдени бірлестіктің көрнекі жәдігерлерін көрсетті.

 

Юрий Тимощенко мен Владимир Джиджора мұражайдағы «Тілек кітабында» қолтаңбаларын қалдырды.

 

– «Біздің қонақтар таң-тамаша болды. Украинада бұндай жоқ, бұл тәжірибе оларды қызықтырары анық. Этностардың көптігіне қарамастан, оларға бірдей орын, бірдей жағдай жасалған. Біз әдістемелік кабинеттер мен көрмеде болдық. Сондай-ақ, делегаттар мемлекеттік тілді меңгеру тәжірибесіне, яғни мемлекет тарапынан оқытушыға жалақы берілетініне, тіл үйренушіге барлық жағдай жасалғанына таң қалды», - дейді өз сөзінде Ю. Тимощенко.

 

Делегаттардың соңғы барған жері Абай атындағы мәдени-демалыс кешені болды. Кешенде халық шығармашылықтарының көрмесі өтіп, Т. Шевченконың 203-жылдығына арналған концерт ұйымдастырылды.

 

Ақпарат Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтынан алынды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему