Ұлттық спорттан аймақ намысын қорғады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық спорттан аймақ намысын қорғады

13 Марта 2017 (21:02) | 1524 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қызылорда облысы Сырдарияда ауданындағы Тереңөзек кентінде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир болып өтті.

 

Дәстүрлі түрде оныншы рет ұйымдастырылып отырған жарыстан маңғыстаулық Жұмакелді Тұрақбай қола медальді иеленіп, облысқа олжалы оралды.

 

Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық жарысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінен 256 спортшы қатысты. Турнир швейцар жүйесі бойынша 14 жасқа дейінгі қыздар, ұлдар және әйелдер мен ерлер арасында өтті.

 

-Халықаралық турнирге шәкірттерім алғаш рет қатысты. Үш шәкіртімді апардым, олардың ішінен 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында Жұмакелді Тұрақбай жүлдегер атанып, қола медальді иеленді.

 

Мұның өзі үлкен жеңіс. Жалпы Жұмакелді 9 жасынан бастап тоғызқұмалаққа қатысып жүр. Бірнеше республикалық турнирлердің жеңімпазы.

 

Ойыншылардың ойлау қабілетін дамытып, есепке мықты болуға, асқан сабырлыққа баулитын спорттың бұл түрімен бүгінгі таңда өңірде 1 000-нан астам жасөспірім айналысып жүр,-деген облыстың тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Гаухар Жакиева 25-29 наурыз аралығында Ақтауда алғаш рет тоғызқұмалақтан халықаралық семинар ұйымдастырылатынын жеткізді.

 

Бір аптаға созылған жарыстың нәтижесінде ел қоржынына 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль салынды. Сондай-ақ, «Ең жас ойыншы» номинациясына 7 жастағы Алматы облысының спортшысы Әдемі Азмахын лайық деп танылса, «Тарлан ойыншы» номинациясын 77 жастағы сырдариялық Тұрғанбай Болғанбайұлы иеленді.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему