Жаңаөзендік кәсіпкер инвестициялық жобаның жемісін көрді
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 20:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендік кәсіпкер инвестициялық жобаның жемісін көрді

13 Марта 2017 (17:59) | 1886 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Жаңаөзен – Қазақстандағы «моноқала» мәртебесі берілген жиырма жеті қаланың бірі. Бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында Жаңаөзенде шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Мемлекеттен қолдау тауып, кәсібін өркендетіп отырған кәсіпкерлердің бірі - Бердіғали Берекетов. Бүгінде ол мұнайшылар қаласында қонақ үймен қамтуды қолға алып, табыс көзін тапқан кәсіпкер.

 

Кәсіпкер идеяны жүзеге асыру мақсатында «Сбербанк» АҚ ЕБ жүгінеді. Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары туралы кеңесті алып, клиент банктен қарыз алу туралы шешім қабылдаған. Сөйтіп, 70 000 000 теңге несиені жылына 14%-бен, 60 айға алады.

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жоба субсидияланған. Яғни, кәсіпкер 14 пайызбен алған несиесінің тек 4 пайызын ғана төлейтін болды. Ал қалған 10 пайызын мемлекет қайтарымсыз негізде өтеуге шешім қабылдайды. Одан бөлек, кәсіпкер кепілдік жетпеуіне байланысты «Даму» Қорының кепілдемесін де пайдаланған.

 

Аталмыш инвестициялық жоба аясында 2 қабатты ғимарат қайта жаңартылып, жаңа қонақ үй пайда болды. Қонақ үйдің жалпы алаңы 1 500 шаршы метрді құрайды. «Ақсарай» қонақ үйі дәл күре жолдың бойында Жаңаөзен қаласының кіреберісінде орналасқан. Жолдың келесі бетінде автовокзал және алыс рейстердегі жүк автокөліктері үшін көлік тұрағы бар. Қонақ үйден 500 метр қашықтықта кеңселер мен негізгі 4 мұнай-газ компаниясы орналасыпты.

 

-Жаңаөзен қаласынан Түркіменстан шекарасына дейін сапарға шығатын жандардың жолда арзан тұрғын үй жоқтығынан көп машақат шегетінін ескере келе, қалада осы бағыт бойында қонақ үй ашу идеясы келді. Бұл салада тәжірибемнің жоқтығына қарамастан, бастаған ісімнің жемісті болуы үшін көп іздендім.

 

Ғимарат тауып, оны қайта жаңартып және жабдықтадым. «Эконом» класстан тұратын екі кісілік 18 бөлмелі орташа жағдай жасалған қонақ үйге айналдырдым. Халықтың жағдайына қарап, 1 бөлменің құнын 4 000 теңге деп бекіттім. Бұл баға халықтың қалтасына да аса салмақ салмайды деп ойлаймын,-дейді кәсіпкер Бердіғали Берекетов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему