Турнир мықтыларды анықтады
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Турнир мықтыларды анықтады

13 Марта 2017 (17:53) | 3243 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Амал мерекесіне орай дзюдо күресінен «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа 2002-2004 және 2005-2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысып, бақтарын сынады.

 

-Бүгінгі жарысқа Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу аудандарынан және Жыңғылды, Шебір, Шайыр, Сайөтес, Ақшымырау ауылдарынан келген 250 балуан қатысуда.

 

Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, «мықтылардың» топ жаруына тілекшімін. Жалпы жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасының және облыстық дзюдо федерациясының басшылығына ризашылығымды білдіремін,-деді жарыстың бас төрешесі Ерлан Серіков.

 

Турнирді бастаған 2002-2004 жылы туған балуандардың арасынан 38 келі салмақта Н. Манарбекұлы («Жастар» с/м), 42 келі салмақта К. Ізтұрған (Маңғыстау ауданы), 46 келі салмақта Ж. Әбуов (Жыңғылды спорт интернаты), 50 келі салмақта Н. Қанатбаев (Маңғыстау ауданы), 55 келі салмақта Т. Қобыланов («Жастар» с/м), 60 келі салмақта Н. Ашығалиев («Жастар» с/м), 66 келі салмақта Ж. Сағынғалиұлы («Жастар» с/м),73 келі салмақта Т. Бектұрған (Жыңғылды спорт интернаты), +73 келі салмақта Ш. Қартбаев (Маңғыстау ауданы) жеңіс тұғырына көтерілді.

 

Сондай-ақ, 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 24 келі салмақта Ғ. Орысбай (Жыңғылды спорт интернаты), 27 келі салмақта М. Аяпберген («Жастар» с/м), 30 келі салмақта Ж. Мұхаммедияр (Жыңғылды спорт интернаты), 34 келі салмақта П. Серік (Жыңғылды спорт интернаты), 38 келі салмақта А. Қыдырғалиұлы («Жастар» с/м), 42 келі салмақта С. Раббани («Жастар» с/м), 46 келі салмақта А. Сұлтанбек (Жыңғылды спорт интернаты), 50 келі салмақта Д. Бердиев (Қарақия ауданы), 55 келі салмақта М. Алдаберген («Жастар» с/м), +55 келі салмақта Н. Ғалымбекұлы (Жыңғылды спорт интернаты) алтын медальді жеңіп алды.

 

-Бұған дейін дзюдодан, самбодан өткен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүрмін. Жыл басында Қостанай қаласында КСРО спорт шебері В. В. Попов және В. И. Бабенконы еске алуға арналған республикалық турнирде жеңіске жетіп, бапкерлер үмітін ақтадым. Сол жеңісімді бүгінгі облыстық жарыста қайталап, өз салмағымда жеңімпаз атандым.

 

Болашақта Азия, Әлем чемпионы атанып, Олимпиада шыңын бағындырғым келеді,-дейді 55 келі салмақта белдескен балуан Мейрамбек Алдаберген.

 

Жүректілер мен білектілердің айқасында қыздар арасында 29 келі салмақта С. Чокунова («Жастар» с/м), 36 келі салмақта Б. Мнажаддин («Жастар» с/м), 40 келі салмақта А. Абышева («Жастар» с/м), 44 келі салмақта А. Еламанова («Жастар» с/м), +44 келі салмақта А. Абдыразақова (Маңғыстау ауданы), 48 келі салмақта А. Рахметова (Маңғыстау ауданы), 52 келі салмақта Ә. Ақшамбай (Жаңаөзен қаласы), 57 келі салмақта Г. Закарина

(Маңғыстау ауданы), +57 келі салмақта Н. Сапарбай («Жастар» с/м) алтыннан алқа тақты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
олень, 13 Марта 2017 (18:05)
0 0
Жасасын!
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему