Қызметтік туынды авторының құқықтары
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 18:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызметтік туынды авторының құқықтары

13 Марта 2017 (17:43) | 1761 | Автор: Редакция

 

Қай елде болсын шығармашылық қабілеті бар адамдардың көбі туындыны жасап, оның нәтижесін өз бетімен жүзеге асыруға өз қаржысын салып, өз күнін өзі көруден гөрі кепілді еңбекақыға басымдық бере отырып, экономикалық жағынан ықпалды адамдардың қолдауымен үздік және/немесе пайдалы туынды жасап шығаруды артық көреді. Алайда осы маңдай термен қол жеткізген зияткерлік еңбектің нәтижесін авторлардың барлығы бірдей ол жасаған қымбат зерттеуді қаржыландырған және сол зияткерлік меншік нысанын коммерциялық мақсатта пайдалануға үмітті болған демеушісіне (жұмыс берушіге) «қия алмайды». Жалданған автор мен жалдаушының арасындағы талас осыдан туады.

 

Бұл мәселенің түйінін шешу үшін құқықтық қатынас тараптары еңбек шарты шеңберінде жасалған зияткерлік меншік нысанына қатысты қандай құқықтарды иеленетінін анықтап алуымыз керек.

 

Туындыны қызметтік деп танудың негізгі белгісі туынды авторы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының, яғни еңбек заңнамасымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен, еңбек шартымен көзделген еңбек жағдайларын жұмыс беруші қамтамасыз еткен жағдайда қызметтік міндеттерін (белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыстар) қызметкердің ақылы түрде өзі орындауы туралы және қызметкердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына бағынуы жөнінде қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісімге негізделген қатынастардың бар болуы  болып табылады.

 

Сонымен, қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын(қызметтік туынды) орындау тәртібімен жасалған ғылым, әдебиет және өнер туындысына берілетін авторлық құқық нысандарына 1996 жылдың 10 маусымындағы № 6 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы (әрі қарай –Заң) арналған. Осы Заңға сәйкес мұндай туындыға жеке мүліктік емес құқықтар оның авторына, ал мүліктік құқықтар автордың жұмыс берушісіне тиесілі болып табылады.

 

Сонымен бірге еңбек қатынастарының тараптары айрықша мүліктік құқықтардың кімге тиесілі екендігін шартта өзгеше белгілеулеріне құқылы. Сөйтіп автор мен жұмыс берушінің арасында арнайы өзгеше келісілмесе, қызметтік туындыны пайдалануға айрықша мүліктік құқықтың иегері жұмыс беруші болып табылады. Бұл жағдайда авторға өзінің қызметтік туындысын өз бетімен пайдалануға мүмкіндігі болу үшін жұмыс берушісінен алдын ала рұқсат алуы қажет. Мұндай рұқсат авторлық құқықты(айрықша немесе айрықша емес) беру жөніндегі шарт түрінде болады және ол автор-қызметкер келісімсіз қызметтік туындыны пайдалануға құқылы бола алмайтын және үшінші тұлғаның пайдалануына рұқсат бере алмайтын болатын авторлық шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуы тиіс.

 

Жұмыс беруші қызметтік туындыға мүліктік құқықтарды туындының жасалуы себепті ие болады, себебі туындыны қандай да бір міндетті тіркеу(соның ішінде мемлекеттік тіркеу) және оған құқықтар заңмен көзделмеген(бұлай тіркелуге заңмен тыйым салынбаған, демек-рұқсат етіледі).

 

Дегенмен, дауласқан жағдайда жұмыс берушінің сол туындының шын мәнінде қызметтік екеніне дәлелі болуы қажет. Бұл автор-қызметкердің қызметтік міндеттері көрсетілген еңбек шартымен де, лауазымдық нұсқаулықтармен де, еңбек шартының ережелерін дамытып, толықтыратын жұмыс берушінің өзге құжаттарымен де расталуы мүмкін. Мұнда автор-қызметкердің жазбаша белгіленген міндеттерінің арасында нақты түрлері көрсетілген авторлық құқық нысандарын жасау міндетінің болуы маңызды.

 

Қызметтік міндеттерді орындау тәртібімен туынды жасау лауазымдық нұсқаулықпен расталуы мүмкін. Туынды авторының-қызметкердің лауазымдық нұсқаулығы сондай туындыны жасау бойынша міндетті қызметкердің қызметтік міндеттерінің бірі ретінде қарастыруы тиіс. Мысалы, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жарнама парақшаларының мәтіндерін жазу немесе ұйымның веб сайтында жарияланатын жаңалық хабарламаларын жасау баспа қызметкерінің міндетіне кіруі мүмкін. Екеуі де - баспа қызметкерінің шығармашылық еңбегінің нәтижесі, бірақ оны жасау оның қызметтік міндетіне кіреді, демек, сол туындыны пайдалануға айрықша құқықтар жұмыс берушіге тиесілі.

 

Сот тәжірибесі көрсеткендей, қызметкер туындыны жасау үшін жұмыс берушінің материалдары мен жабдықтарын пайдаланса, бұл оның қызметтік туынды жасағандығын білдірмейді. Ол өзінің жұмыс орнында басқа жұмыспен (өзі үшін жасауы) айналысуы мүмкін. Сондықтан автор жұмыстан босағанда «ноу-хауды» өзімен бірге алып кетпес үшін жұмыс беруші жасаған шығармашылық еңбегінің нәтижесін автордың тапсыруы жүйесін қарастыруы керек. Бұл - нені, кім, қандай мерзімде жасайтынын көрсететін құжаттар(шығармашылық ізденіс, тәжірибе жасау туралы бұйрық, қызметтік хаттар және жұмыстың аралық кезеңдерін талқылаған баянхаттар т.б.) және жұмыстың нәтижесі.

 

Қызметтік туындыны қолданудың әр түрі үшін берілетін авторлық сыйақының мөлшері және оның төлену тәртібі автор мен жұмыс берушінің арасындағы шарт арқылы анықталады. Мұның мәні мынада: еңбекақы мен еңбек туралы заңнама және еңбек шартымен көзделген өзге де төлемдерден(материалдық көмек, сыйлықақы т.б.) басқа жұмыс беруші қызметкермен алдын ала келіскен мөлшер мен тәртіпте  қызметтік туындыларын пайдаланғаны үшін авторға қаламақы төлеуге міндетті. Бұл роялти (қызметтік туындыны пайдаланғаны үшін жұмыс беруші алған табыс сомасының пайызы), нақты бір сома немесе сол не өзге жағдайға байланысты авторлық сыйақыны есептеу тәртібі болуы мүмкін. Шартта біржолғы немесе бөліп төленетін авторлық сыйақының белгіленген сомасын көрсеткенде тараптар қызметтік туындының ең көп таралымын (рұқсат етілетін қайта шығару саны)  белгілеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда қаламақының белгіленген сомасы туралы келісім заңсыз болып табылады, бұл қатынастардың барлық жүйесіне қауіп төндіреді.

 

Ескеретін бір жайт: Авторлық құқық туралы заңның 14-бабы қызметтік туындының барлығына бірдей қолданыла бермейді. Қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмаларын орындау тәртібімен энциклопедиялар, энциклопедиялық сөздіктер, мерзімді және жалғастырылып шығарылатын ғылыми еңбектердің жинақтары, газет-журналдар және басқа да мерзімді басылымдар (аталған Заңның 11-бабының 2-тармағы) шығаруға бұл баптың ережелері қолданылмайды.

 

Сонымен, жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай қорытындыға келуге болады: тікелей авторлық құқық нысандары болып табылатын қызметтік туындылар жасаумен байланысты қатынастар еңбек және авторлық заңнама талаптарын толық сақтауды және жұмыс беруші мен автор арасында жасалатын келісімдерді жете нақтылауды қажет етеді.

 

 

Актау калалық Әділет басқарма басшысы, 

«Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысының филиалы мүшесі - А.Д Улыкбанова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему