Жұмыссыз тұрғындарды өзге аймаққа көшіру бағдарламасы  қабылданды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 01:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұмыссыз тұрғындарды өзге аймаққа көшіру бағдарламасы қабылданды

13 Марта 2017 (16:28) | 1818 | Автор: Мира Ботабекова

 

Жұмыс қайда болса, сол аймаққа қоныс аударуға мүмкіндік артты.  Еңбектің көзін іздеген ағайынның көші-қон мәселесін шешуге мемлекет тарапынан көмек те бар. Қазір атқарушы билік Маңғыстау облысындағы тұрғындар мен қандастарымызға жұмыс күшіне сұранысы жоғары өзге аймақтарға қоныс аударуды ұсынып отыр. Үкімет белгілеген 7 облысқа (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары) көшіп барушылар жұмысқа орналастырылып, баспанамен қамтылады. Қаржылай көмек тағы бар. Бұл туралы Маңғыстау облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова мәлімдеді.

 

 

Айбек Қожаметов жақында атамекенге оралды. Ол отбасымен Өзбекстанның Тахаташ қаласынан көшіп келген. Болашағын тарихи Отаны Қазақстанмен байланыстырғысы келеді. Сондықтан да бүгін «оралман» мәртебесін алуға өтініш берді.

 

АЙБЕК ҚОЖАМЕТОВ:

-Келіншегім, бала-шағаммен көшіп келдім. Өзіміздің ата жеріміз болғаннан кейін көшіп келіп жатырмыз. Келесі жылы әке-шешемізді әкелсек па деп жатырмыз. Жұмыс іздеп жатырмыз, енді жұмысқа кіруіміз керек. Алдағы уақытта ата жұрттан бір үй салып алсақ деген жоспарымыз бар.  

 

Маңғыстау – шетелдегі қандастарымыз ең көп қоныстанатын үш аймақтың бірі. Биыл екі айдың ішінде 500 қандас елге оралды. Ресми статистикаға сүйенсек, соңғы 25 жылда өңірге алыс, жақын шетелдерден 126 мыңдай ағайын көшіп келген. Ал, бейресми дерек бойынша Маңғыстауға оралғандардың саны 250 мыңға жуықтайды екен. Тұтас бір қаланың халқындай адам. Көші-қон есебінен облыс тұрғындарының саны 2 есеге өсті. Тиісінше, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жұмыс орындарына сұраныс артты.   

 

Аймақтағы жұмыссыздықтың алдын алу үшін Үкімет «Өркен» бағдарламасын әзірледі. Еңбек күшіне сұранысы жоғары 8 аймаққа, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына көшуге ниет білдіргендерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілмек.  

 

Бағдарламаға шетелден келген бауырларымызбен қатар өңір тұрғындары да қатыса алады. Қоныс аударған отбасының әрбір мүшесіне 80 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы, ал, бір жыл бойы үй жалдау мен коммуналдық төлемдер үшін отбасындағы адам санына байланысты 40 мыңнан 70 мың теңгеге едйін жәрдемақы төленеді.

 

ГҮЛМИРА ҚАЛМҰРАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-Бүгінгі таңда біз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының әкімшіліктерімен меморандумға отырғалы жатырмыз. Аталмыш мемарандум аясында әкімшілік тарапынан үй мәселесі, жұмыс мәселесі, т.б.қолдау шаралары көрсетілетін болады. Сондағы жұмыс берушілердің берген мәліметін көшуге ниетті азаматтарға ұсынатын боламыз. Біор аймаққа мың отбасыға дейін көшуге мүмкіндік бар.

 

Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін жергілікті қазынадан қаржы бөлініп, ақпараттандыру жұмысы басталды.  Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон басқармаларында ақпараттар беріледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему