Бекіре балығын заңсыз аулағандарға үкім шықты
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 04:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бекіре балығын заңсыз аулағандарға үкім шықты

11 Марта 2017 (22:47) | 1859 | Автор: Мира Ботабекова

 

Түпқараған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігінің 1,2,4,5-тармақтарымен Н. және К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Сот отырысында анықталғандай, аталған азаматтар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өздігінен жүретін жүзгіш «Казанка 2» қайығын пайдаланып, Каспий теңізінің бекіре тұқымдас балықтарының уылдырық шашатын жерлері мен өріс аудару жолдары болып табылатын жерлерге ахан ауын салып, жалпы салмағы 26 килограмм, 700 грамм болатын 12 дана бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз аулап, Түпқараған ауданы, Баутин селосы, Аташ тұрғын-үй массивіндегі Каспий теңізі жағалауына алып келгенде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

 

Сот Н. және К.-ны жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

 

Айғақты зат 26 кг. бекіре балықтарын сатудан түскен қаражат мемлекетке өткізіліп, қылмыс құралдары тәркіленді. Бұл туралы Түпқараған аудандық сотының Баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему