Ақтау қаласында соңғы 3 ай ішінде 6 өрт оқиғасы тіркелген
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 15:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласында соңғы 3 ай ішінде 6 өрт оқиғасы тіркелген

10 Марта 2017 (15:34) | 1680 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженер лауазымындағы тағылымгері азаматтық қорғау қатардағы Ерболат Әбдіғапардың мәлімдеуінше, «Тұрғын үйлердегі және пәтерлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады. Сұрапылапаттыкұбылысжылдарбойыжиылғанмүліктердіаяусызжойып, адамдарғақайғы-қасіретәкеледі. Көбінесе пәтер иелері оттыңқұрбаныболып, өртке де себепшіөздері, олардыңкөршілері, балаларыболыпжатады».

-Ақтау қаласында 2016 жылғы 3 ай ішінде 4 өрт оқиғасы, ал 2017 жылы 3 ай ішінде 6 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Бұл сандар - тұрғын үйлердегі өрт оқиғаларының биылғы жылғы салыстырмалы мерзімде 2 өрт оқиғасына көбейіп отырғанын көрсетуде.

Тұрғын үйлердегі өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр. Егер Сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе, тез арада электр маманын шақырыңыз, - дейді инженер лауазымындағы тағылымгер Ерболат Әбдіғапар.

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары барша азаматтарға тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.

ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ:

Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:

-Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;

-Уақытша  және зақымдалған электр өткізгіш  сымдарын  пайдаланбаңыз;

-Электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан  дайындалған болуы тиіс;

-Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып, электр жүйесіне күш түсірмеңіз;

-Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;

-Сіріңкені  балалардың қолы жетпейтін жерде  сақтаңыз;

-Бөлмені  жылытуға бейберекет қолдан  жасалған  электр жылытқыш құралдарын қолданбаныз;

-Балалардың отпен ойнауына  жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

 

 Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телафон  арқылы 

101-ге  хабарласыңыз.

 Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – Сіздің үйіңіз бен  мүлкіңізді оттан қорғайды!

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему