Ақтауда «Көктем-2017» Республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтті
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 00:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Көктем-2017» Республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтті

10 Марта 2017 (14:42) | 1646 | Автор: Нурганым Имашева

 

 «Рауан» тұрғын үй массивінде «Көктем-2017» Республикалық командалық –штабтық жаттығу (РКШЖ) шеңберінде судан тазарту бойынша арнайы тактикалық жаттығу ұйымдастырылды.

 

«Маңғыстау облысы бойынша су басу кезеңінің өтуі тұрақты болып қалады. Облыс бойынша қар қоры жоқ.

 

Алайда, жыл сайынғы тәжірибеден ала отырып, сонымен қатар көптеп жауған жаңбырдан су басу қаупінің алдын алу бойынша, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы, Ақтау қалалық әкімдігімен бірлесіп 2017 жылдың 09 наурызында «2017 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы республикалық командалық –штабтық жаттығу шеңберінде, Өмірзақ кентіндегі «Рауан» тұрғын үй массивінде нөсер жаңбырдың суынан тазалау бойынша тактикалық арнайы жаттығуын өткізді.

 

РКШЖ-ға мекемелер, ұйымдар және БАҚ өкілдері қатыстырылды.    

 

Келісілген тактикалық ойластыруы бойынша көктем кезінде шұғыл әрекет ету жасағының әрекетілігі және арнайы техникаларының дайындығы тексерілді», -деп хабарлайды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

- Мұндай жаттығулар өте қажет, себебі: біріншіден, шұғыл әрекет ету жасағының әрекеттілігі тексерілді. Екіншіден, арнайы техникалардың дайындығы.

Сонымен қатар ең басты мақсат - көктем кезінде өндірістердің, мекемелердің, жергілікті атқарушы органдарының күш-құралдарының тез әрекет етуін тексеру.

 

Жаттығу барысында барлық тәжірибелік іс-шаралар жасалды. Жаттығу мақсатына жетті, тапсырмалар толық көлемде жасалды. Барлық жұмылдырылған күш-құралдар нақты әрекет жасады, - деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алмаз Искаков.

 

«Жаттығуға барлығы 27 дана техника және жеке құрамнан 104 адам жұмылдырылды, оның ішінде «Қала жолдары» ЖШС-7 дана техника және 25 адам, «Каспий жылу су арнасы» - 6 дана техника мен 20 адам, жергілікті полиция - 2дана техника, 6 адам, жедел жәрдемнен – 2 дана техника және 6 адам, «Ақтау тұрғын үй - коммуналдық қызметі» - 5 дана техника, 10 адам, «Казтрансгазаймак» АҚ - 1дана техника  және 5 адам, АУЭС – 2 дана техника  және 8 адам, ұлттық  гвардия - №6656 әскери бөлімінен – 2 дана техника және 30 адам қатысты», - деп хабарлайды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему