Маңғыстау облыстық соты салада қызмет етуші аруларды құттықтады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 04:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты салада қызмет етуші аруларды құттықтады

9 Марта 2017 (15:40) | 2160 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық сотында 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында салада еңбек етуші нәзік жандарды құрметтеуге арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

 

Аталған шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов және судьялар, ауадандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот қызметкерлері қатысты.

 

Іс-шарада сөз алған төраға Ж.Аланов нәзік жандарды Көктем мерекемен қызу құттықтады.

 

-Маңғыстау облысы бойынша барлығы 84 судья болса, соның 36-сы әйелдер екен. Демек, бізде гендерлік теңдік сақталып отыр. Өмірінің негізгі бөлігін осы қызметке арнап, 15-20 жыл бойы үздіксіз сотта қызмет етіп келе жатқан, белгіленген 8 сағаттан да артық қызмет етіп, компьютер алдында көз майын тауысқан мамандарымыздың да еңбектері зор. Сіздерге  сот жүйесінің, құқық саласының дамуына қосып отырған сүбелі үлестеріңіз үшін шынайы рахмет айтқым келеді, - деді сот төрағасы.

 

«Мерекелік шараның соңы Мұрат Өскенбайұлы атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламасымен жалғасып, барлық кешке қатысқан аруларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды»,- деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему