Ақтау қалалық ІІ Басқармасы полиция қызметіндегі аруларды төл мерекесімен құттықтады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық ІІ Басқармасы полиция қызметіндегі аруларды төл мерекесімен құттықтады

9 Марта 2017 (00:02) | 3585 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Көгілдір көктеммен қатар келетін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасының басшылығы қызығынан гөрі қиындығы басым қызметте ер азаматтармен қатар иықтаса, елге адал қызмет етіп жүрген нәзік жандарды құттықтады.

 

Шара басында ҚР ІІМ министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың Халықаралық әйелдер күніне орай ішкі істер саласының аруларына арналған мерекелік құттықтау сөзі оқылды.

 

Осыдан соң мерекелік құттықтау сөз Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасының бастығы полиция полковнигі Болатбек Ысқақұлы Ақшауовқа берілді.

 

-Құрметті ханымдар! Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды құттықтаймын! Біз ер азамат басымызбен осы саланы қиын деп атасақ та, бізбен бірге иық тіресіп, бел шешпей елге қызмет етіп жүрген сіздердің адал еңбектеріңізді бүгінде ерлік десек те болады. Сол үшін де біз - сіздерді тек 8 наурыз күні ғана емес, жыл он екі ай – 362 күн бойына әрқашан сыйлап, құрметтеуге тырысамыз.

 

Себебі әрбір ер азамат анадан жаралған, әрқайсымыздың да жарымыз, апа-қарындастарымыз бар. «Ер адам – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей, үйде де береке болып, қызметте де біздің жұмысымызды жандандырып отырған арулар, мерекелеріңіз құтты болсын.

 

Сіздерге дендеріңізге – саулық, отбасыларыңызға – бақ-береке, қызметттеріңізге – табыс тілеймін, - деді Болатбек Ысқақұлы.

 

Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасында 20 жылдан астам қызмет еткен Тәжиева Дәмелі апайға құрмет көрсетіліп, Басқарма басшысы Б.Ақшауов зейнеткер апайға гүл шоғын ұсынумен қатар ұзақ жылғы адал еңбегіне ризашылық білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

 

Марапатқа риза болған Дәмелі апай да Басқарма басшылығына және әріптестеріне ыстық ықыластары үшін алғысын білдірді.

 

Мерекелік шара Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасы басшысының ерікті жалдамалы құрам қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алғыс хатпен марапаттау рәсімімен жалғасты. Қызметте жақсы жетістіктерімен көзге түскен бір топ қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді.

 

Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасының кадр жұмысы бөлімінің инспекторы Елбаева Мархабат Аманжолқызы:

-Бүгінгі мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты – ер азаматтармен бірге қызығынан гөрі қиыншылығы басым болса да, ішкі істер саласында аянбай қызмет етіп келе жатқан аруларды құттықтап, марапаттау.

 

Қызметінде жақсы жетістіктерге жеткен ерікті жалдамалы құрамдағы нәзік жандыларды бүгін ерекше атап өтіп, Алғыс хаттармен марапаттап отырмыз. Біздің Басқарма құрамында 30 шақты ерікті

 

жалдамалы құрамдағы қыз-келіншектер қызмет етеді. Солардың барлығын да шара барысында мерекесімен құттықтап жатырмыз.

 

Солардың қатарында бүгін қалалық ІІБ-да 20 жылдан аса қызмет еткен, 71 жастан асқан Тәжиева Дәмелі апайды Басқарма басшылығы ерекше құрметтеп, арнайы Алғыс хатпен марапаттап, зейнеткерлікке шығарып салып жатырмыз.

 

Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасында бүгінде 75 – тей аттестатталған құрам және 30 шақты ерікті жалдамалы құрамдағы нәзік жандар қызмет етуде. Олар әртүрлі лауазымда жұмыс істейд:, анықтаушы, ювеналдық полиция бөлімінің мамандары, әкімшілік полиция Басқармасының қызметкерлері және т.б.

 

Барлық бөлімшелерде бізде әйел қызметкерлер ерлермен қатар осы қызметке кіріскенде берген серттеріне адал болып, Отан алдындағы борыштарын өтеуде. Бізде қызмет бабында әйел – ер деп бөлінбейді, тәртіп, талап бәріне ортақ, сондықтан қыз-келіншектерге де ер азаматтармен қатар жоғарғы жуапкершілік жүктеледі , - деді.

 

Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасында ұзақ жылдар бойына жемісті еңбек етіп келе жатқан әйел қызметкерлердің кейбірінің есімін атауды сұрағанымызда, инспектор Мархабат Аманжолқызы: «ІІБ –да 30 жылға таяу қызмет етіп келе жатқан Ақтау қалалық ішкі істер Басқармасы басшысының кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Гайсина Раушан Бекболатқызы, Айша Кәленова есімді қызметкеріміз – 23 жыл қызмет етіп келеді, Нұрмұханова Айнұр – 15 жылдан бері осы салада қызмет етуде және т.б. қыз-келіншектер еңбек етіп жатыр», - деп мәдімдеді.

 

Мерекелік кеш «Абай атындағы мәдени-демалыс» кешені өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Өмірін полициядағы қызметпен байланыстырған батыл аруларды құттықтауға арнайы дайындалып келген Ақтау қаласының №54 балабақшасының бүлдіршіндері әсем әндер салып, мың бұрала би билеп, кештің ажарын аша түсті.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему