Жаңа үй тұрғындарының жанайқайы
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа үй тұрғындарының жанайқайы

5 Марта 2017 (10:34) | 1987 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

«33-ші шағын ауданнан "Қолжетімді баспана" бағдарламасы арқылы үй алғандар қиналып жүр",- деп хабарлайды «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы. Телеарнада көрсетілгендей тұрғындар толық қоныстанса да, әлі газ берілмеген. Жеделсаты да бір істеп бір істемейді. Үйдің қабырғасы жарылып жатыр. Пәтер иелерінің шағым айтып бармаған жері, баспаған тауы жоқ».

 

Хабиболла Шәлеке 7 қабатта тұрады. Екі күннің бірінде жеделсаты істемейді. Далаға шығуы мұң. Жоғары қабатқа көтерілгенше, жүрегі алқынып қалады. Ал, лифтіде қалып қою ол үшін әдетке айналған. Сорақысы, оператор қамалған адамға бірден жауап бермейді.

 

Үйдің кем-кетігі көп. Қабырғалары сөгіліп, сылақтары сетінеп жатыр. Үйге кірген бойда көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйесі жарылып, бірнеше пәтерге су кетіпті. Сондай-ақ, мұнда көгілдір отын да берілмеген. Газ жоқ болған соң тұрғындар еріксіз электр пештерін қолданады. Бұдан коммуналдық төлемге қыруар қаржы кетеді.

 

Абай Қонысбек, тұрғын:

- Шығын көп. Кейбір тұрғындар электроэнергияны мың киловатт жағып отыр. Ол айына 20 000 теңге.Өйткені құрылғыларының бәрі іске қосылмай жатып істен шығып жатыр.

 

Қалалық сәулет, құрылыс бөлімі үйдің кемшіліктері жақында жойылады деп отыр. Көгілдір отын да беріледі. Ал жалпы үйдің шығындарын азайту мақсатында тексеріс жүргізілген.

 

Қайрат Ақыбаев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Өткен аптада біз тексеріп шықтық. Төменгі қабаттағы щитовойларды, жылу қазандықтарын тексеріп шықтық. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін реттеп келесі маусымға дейін өз орнына қоямыз деп есептеймін. Ал, мамыр айында беріледі.

 

Құрылысты үш серіктестік салған. Заң бойынша мердігер компания екі жылға дейін үйдің бұзылған жерлерін жөндеп, бүтіндеуі тиіс. Олар өздеріне тиісті мәселе бойынша келген еш тұрғынның бетін қайтармағанын айтады. Тек шағымданса болғаны.

 

Мердігер компания өкілі:

-Маған келсін. Біз қасындағы құрылыстамыз. Шағымды қабылдап алып, жөндеу жұмысын жасаймыз. Екі жылға дейін мойныма аламын.

«33 шағын аудандағы 19,20,21 үйлерге газ тарту бойынша үру-тазалау жұмысытары жүргізіліп жатыр. Сәуір айында аяқталады. Қалалық құрылыс сөлімінің уәдесіне сенсек, мамыр айында тұрғындар газға толық қол жеткізбек»,-деп хабарлайды телеарна.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему