Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтар
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 10:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтар

5 Марта 2017 (10:24) | 1826 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтау қаласының №2 сотында «Шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару және көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараға Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы Қ.Рыскалиева, соттың судьялары, Ақтау қалалық прокуратура өкілідері Б.Ходжаев, Н.Оразбаев, Маңғыстау облысы ІІД көші-қон полиция басқармасының орынбасары Ж.Дадаев, көші-қон полициясының инспекторлары Е.Айдашов, Қ.Канбаев, Н.Укасов және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

 

Сот төрағасы іс шараны ашып, аталған сотта шетел азаматын ҚР аумағынын шығару туралы істерді қарау санаты бойынша біркелкі сот тәжірибесі қалыптасқанын айтты. Сондай-ақ, шетел азаматтарын ҚР аумағынан шығару туралы арызды сотқа тапсыру кезінде көші-қон полициясы тарапынан толыққанды құжаттар тапсырылмайтын жеткізді.

 

Судья Қ.Бозшагулов өз баяндамасында шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығару туралы өтініштерді сотқа тапсырған кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №4 нормативтік қаулысының 13 тармағы бойынша шығарып жіберу туралы өтінішке аталаған заңнаманы бұзған тұлғалардың сол заңнаманы бұзу фактілерін жасағанын растайтын құжаттар қоса берілу керектігі, оған мемлекеттік органдарының құқықтық актілері жататынын ескертті. Сонымен қатар, ол ҚР Жоғарғы Сотының тәжірибесіне сәйкес шетел азаматының ҚР аумағынан шығару туралы азаматтық істерді қарау барысында олардың тек қана құқық бұзышылық жасағанын ғана назарға алмай, олардың сол қалада жанұясының тұратындығы не тұрмайтындығы, банк алдында несиелік қарызының бар, жоқтығы, жұмыс жасайтындығы не жасамайтындығы, ата-анасының сол қалада тұратындығы не тұрмайтындығы туралы құжаттар арызға тіркелуі қажет екендігіне тоқталды.

 

Шараға қатысушылар шетелдiктi ел шегiнен шығарып жіберу туралы мәселені шешу кезінде заңнаманы біркелкі қолдануды қалыптастыру және халықтың көшіп-қонуы шеңберіндегі заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Бұл туралы Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему