Азғындық әрекет жасаған автобус жүргізушісі сотталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 11:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Азғындық әрекет жасаған автобус жүргізушісі сотталды

4 Марта 2017 (22:41) | 1383 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігімен (көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) айыпталған 69 жастағы автобус жүргізушісі Б-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.

 

Аталған қылмыстық іс жабық тәртіпте қаралды.

 

Сот үкімімен Б. жоғарыдағы баппен кінәлі деп танылып, оған 8 (сегіз) жылға балаларға қатысты белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот үкімінің азаматтық талап бөлігіне сәйкес, сотталушыдан бір ай мерзім ішінде жәбірленушінің пайдасына 500 000 (бес жүз мың) теңге моральдық зиян өндірілетін болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында сотталушы өзі жұмыс істейтін аудандық мектептің 4-ші сынып оқушысына қатысты түрлі сипатта азғындық әрекет жасаған.

 

Сот үкімі күшіне енген жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему