«Этно медицина аруы – 2017» байқауы өтті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 05:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Этно медицина аруы – 2017» байқауы өтті

2 Марта 2017 (21:41) | 2176 | Автор: Мира Ботабекова

 

Көктем мерекесі қарсаңында Ақтауда алғаш рет «Этно медицина аруы» байқауы өтті. Бұл күні дәрігерлер мен медбикелер ақ халаттарын сәнді көйлектерге алмастырып, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тарихын, салт-дүстүрін таныстырып, өнерін көрсетті. Аймақта бірінші рет өткен байқауды Қазақстанның денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының ұйымдастырды.

 

Сайысқа 35 жасқа дейінгі 8 медицина қызметкері қатысты. Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының қызметкері Марысова Кәмшат өзбек ұлтының өкілі, Жаңаөзендегі медициналық мекемелердің атынан Матжанова Зина Абдрашитқызы түркмен қызы, Ақтау қалалық жедел-жәрдем станциясының медбикесі Ғайнуллина Жансая үнді өкілі, Маңғыстау облыстық ауруханасынан Жақиева Меруерт кәріс қызы, №1 Ақтау қалалық емханасының дәрігері Кәрібаева Орынгүл әзербайжан өкілі, ал, облыстық балалар ауруханасынан Қапарова Перизат қазақтың қызы, облыстық ЖҚТБ орталығының дәрігер-эпидемиологы Динара Нұрғалина сыған өкілі, Бейнеу аудандық орталық ауруханасының қызметкері Шоңайбаева Назира ұйғыр ұлтының өкілі ретінде өздері таңдаған этностың мәдениеті мен тарихын жан-жақты танытырды. Байқау шарты бойынша қатысушылар алдымен өз ұлттары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар өнер көрсетіп, сол халықтың әдет-ғұрпын таныстырды. Ұлттық тағамдарынан да өзара мықтыны анықтады. Мәселен, үнді қызы некелесу рәсімін көрініс арқылы түсіндірсе, кәріс қызы бала 1 жасқа толғанда жасалатын жөн-жоралғыларды таныстырды.

 

Дәрігерлер бұл байқауға қатысу үшін алдын ала таңдаған ұлтынтерең зерттеп шыққан екен.

 

Динара Нұрғалина, облыстық ЖҚТБорталығының дәрігер-эпидемиологы:

-Сыған ұлтының өкілі болу үшін мен олардың тарихын ақтарып, жан-жақты таныстым. Сығандардың Үнді елінен шыққандығын білдім. Олардың ұлтының өнерін білдім. Олардың әрбір әуендерінде тұрмыс-тіршілігі, қиын тағдыры, өмірі баяндалады. Бұл ұлттың ерекше маған ұнағаны сығандар өздерінің жері болмаса да өзге ұлттармен бірге өмір сүре алатындығы және өздерінің сыр-құпияларын ешкімге ашпайтын жұмбақ халық екен.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – елімізде тұратын өзге этностардың мәдениетін жас ұрпаққа таныстырып, ұлтаралық татулықты нығайту. Дәрігерлер мен медбикелер сайыс барысында өнерге де жақын жандар екендіктерін дәлелдеді.

 

Қазылық еткен әділ-қазы алқасының шешімі бойынша, «Көктем аруы» аталымын Ақтау қалалық жедел-жәрдем станциясының медбикесі Ғайнуллина Жансая, «Бәйшешек аруы» аталымын Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының қызметкері Марысова Кәмшат, «Күн аруы» аталымын облыстық балалар ауруханасынан Қапарова Перизат, «Ерекшелік аруы» аталымын Бейнеу аудандық орталық ауруханасының қызметкері Шоңайбаева Назира, «Сән аруы» аталымын Маңғыстау облыстық ауруханасынан Жақиева Меруерт, «Вице мис Этно» аталымын №1 Ақтау қалалық емханасының дәрігері Кәрібаева Орынгүл, ал, бас жүлдені түркмен ұлтын дәріптеген Жаңаөзендегі медициналық мекемелердің атынан келген Матжанова Зина Абдрашитқызы жеңіп алды. Жеңімпаздар қаржылай және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему