Ақтауда күмбір күйдің күміс әуені жүректі тербеген әсем кеш өтті
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 12:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда күмбір күйдің күміс әуені жүректі тербеген әсем кеш өтті

2 Марта 2017 (16:57) | 2296 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Кеше Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы көрерменге күйші, сазгер Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған «Сыр сүлейі - Әлшекей» атты өнер кешін ұсынды.

 

Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрі өнер саңлағының оннан аса күйлерін орындап, концертке келген көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Әлшекей Бектібайұлы - композитор ретінде Сыр бойындағы музыкалық мектептің көшбасшысы ғана емес, ол сондай-ақ Арқа мен Атыраудың ХVII-XIX ғасырларда сараланған күйшілік дәстүрін де терең игерген тегеурінді дарын. Күйшінің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер әлі де болса толықтыруды қажет етеді. Осы жолда аянбай еңбек етіп, бар жиған-терген дерегін зерделеп, зерттеп, құнды дүниелер жазғандардың бірі – Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, бірнеше ән-романстардың, аспаптық және халық аспаптары оркестріне арналған шығармалардың авторы Еркін Нұрымбетов.

 

-Бүгінгі кеште – Сыр өңірінде композиторлық ерекшелігімен өзіндік қолтаңбасын қалдырған халық композиторы Әлшекей Бектібайұлының күйлері Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бағдарламасында көрерменге тұңғыш рет ұсынылғалы отыр. Бұрын жеке орындауда болғанмен, бүгін алғашқы рет еліміз бойынша осы оркестрдің орындауында бірінші болып Маңғыстау жұртшылығына тыңдау бұйырып жатыр. Осы жайт бізді қуантады.

 

Осы ретте Рахат Мәдіреев әріптесіме айтар алғысым шексіз. Азғантай уақыт ішінде оркестр осы шығармаларды дайындап үлгерді. Бүгінгі бағдарламаға енген Әлшекей күйлерінің шертпе және төкпе күй сынды өзінше бір ерекше стильдері бар

 

Бұл той өзінің жалғасын табады. Сәуір айында осы оркестр бағдарламасына енген 12 күйдің партитуралар жинағын шығарамыз. Содан кейін Астанада, Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысында жалғасады. Бабамызға арналған күйшілердің республикалық конкурсы болады. Елгее, әріптестеріме, музыканттарға, ризамын өз деңгейінде осы бағдарламаны дайындап, халыққа ұсынғанына.

 

Қазақстанға танымал өнер майталмандары бір қолдан шықпасын деп, Әлшекей бабамыздың күйлерін әр түрлі стильде, өз қолтаңбасымен, Айтқали Жайымов, Жамағат Темірғалиев сынды дирижерлер оркестрге түсіріп, өздерінің үлестерін қосуда, -деді Батыс Қазақстан облыстық Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов

 

Концертте Әлшекей Бектібайұлының «Толқын», «Жаяу кербез», «Бұқтым-бұқтым», «Сауда бұзар», «Шерлі», «Сыбызғының күйі», «Аққу кеткен», «Желдірме», «Ақжелең», «Тарту», «Отарба», «Бұзып тартар» атты күйлері орындалды.

 

Әлшекей Бектібайұлының шөбересі Оңғарбай Дәнебеков:

-Осы мәдени іс-шараның Ақтауда өтуіне мұрындық болып отырған Еркін Нұрымбетов ініміз және өздеріңізге белгілі азамат, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Рахат Мәдіреев, Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Нұрболат Құдұсов, осы азаматтарға Әлшекей атамыздың шығармаларын халыққа танытып, насихаттап жатқанына алғыс айтамын.

 

Әлшекей Бектібайұлы – кенжелеу зерттелген күйшілердің бірі, бірақ ол туралы барлық уақытта айтылып жүр. Еркін Нұрымбетов ініміз сияқты барлық күйлерін нотаға түсіріп, еңбектенген ешкім жоқ.

 

Айтылуын айтылды, кезінде Мұхтар Шаханов ағамыз «Аққулар қонған айдын» атты кітабында жазған, Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақтың күй өнері» кітабына енген. Ол кісінің күйлерін Сыр бойындағы күйшілер тартып жүр. Әрине, тікелей өзінен үйренген күйшілер жоқтың қасы. Сол өзінен үйренген күйшілерден үйреніп барып, солардан кейін үйренген төртінші бір ұрпақ жалғасы бар ғой, солардан бізге жеткен 20 -30 шақты күйлері бар. Оларды мына Еркін ініміз нотаға түсірді. Солардың ішінен 12 күйін саралап алып, оркестрге түсіріп, Еркін Нұрымбетов ініміз Айтқали Жайымов бастаған, Жамағат Қарасай, Төлепберген Телжанов, Рахат Мәдіреев, Нұрлан Бекенов сияқты танымал үлкен дирижерларды, композиторларды тартып, Әлшекей атамыздың шығармаларын халыққа таратуда.

 

Осы кешке Әлшекей атамыздың ұрпағы белгілі сатирик Көпен Әмірбеков ағамыз және Түрікменстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшісінің кеңесшісі Исатай Сағындықов деген айтулы азамат та қатысып отыр. Ол кісі ғалым ретінде Ұлттық тестілеу жүйесін енгізген азаматтардың бірі, кезінде Тәжікстан елшілігінде болған кезде Әлшекей атамыздың бейітін табуға көп көмегі тиген азамат.

 

Киелі Мағыстау жерінде Әлшекей атамыздың еңбектері ең алғашқы рет жұртшылыққа, көрерменге ұсынылып отыр. Маңғыстаудағы осы өнер кешін ұйымдастырып отырған азаматтарға және Еркін Нұрымбетов інімізге алғысым шексіз., - деген ризашылығы мен ой-пікірін білдірді.

 

Кеш барысында сахна төріне көтерілген Әлшекей атаның ұрпағы Қазақстан сатира жазушылары Одағының төрағасы, ҚР еңбеі сіңген қайраткер, Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбекті халық зор ықыласпен қарсы алды.

 

-Бүгін Алғыс жаудыратын күн дейді. Әлшекей атамыздың 170 жылдығына арналған кешке келген қадамдарыңыз құтты болсын.

 

Бабамыздың шығармашылығының оркестрге түсірілген нұсқаларының алғашқы рет тұсауы сіздердің алдарыңызда кесіліп отыр. Әлшекей атамыз 85 жыл ғұмыр сүрген. Тәжікстан жерінде жерленген екен, - деген Көпен ағамыз көрерменге арнап, Әлшекей күйлерінің тарихынан сыр шертті. Сахнаға атақты күйші Сержан Шәкірат ағамызды шақырып, күйші сахнада күмбірлеген күміс күйден шашу шашты.

 

Кеш соңында сахнаға көтерілген Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Таңатарұлы Базарбаев өнер мерекесін сыйлаған оркестр құрамына, дирижерлер Р.Мәдіреев, Б.Көбенғалиевке алғысын білдіре келе, Әлшекей Бектібайұлының ұрпақтары Көпен Әмірбекке, шөбересі Оңғарбай Дәнебековке, дирижер Еркін Нұрымбетовке, кеш мейманы Исатай Сағындықовқа зор ризашылығын айтып, естелікке «Маңғыстау күйлері жинағын» сыйға тартты.

 

Концертке келген көрермен қауымы Әлшекей Бектібайұлының күйлерінің өзіндік ерекшеліктеріне қанығып, күмбір күйдің сиқырына бөленіп, көтеріңкі көңіл-күймен риза болып тарасты.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему