Шәкірт тәрбиелеуден шабыт алады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шәкірт тәрбиелеуден шабыт алады

1 Марта 2017 (21:16) | 2476 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,- деген екен ұлы Абай. Ақтаудағы №5 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дина Мұсағалиева саналы ғұмырын бала тәрбиесі мен біліміне арнап келе жатқан ардақты ұстаз. Ол 30 жылдан бері білім саласында аянбай еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында Дина Омарқызы мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығарды. Бүгінде олар мықты маман атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүр.

 

Дина Омарқызы, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ, жақындарына да, әріптес достарына да әділ, халықтың бәріне жақсылық пен ізгілікті көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл да, ержүрек жан.

 

Шәкірт тәрбиелеуден шабыт алатын Дина Омарқызы жақында 50 жасқа толды. Жартығасырлық мерейтойыңыз құтты болсын! Деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс-байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілеймін. Әрдайым осы тыңғылықты да, тындырымды қалпыныздан талмай, табыстан-табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Құттықтаушы: бастауыш сынып мұғалімі Туякова Гулбану.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему