Өткен жылы Маңғыстауда кісі өлтіру фактісі бойынша 43 тұлға сотталып, темір торға тоғытылған
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 15:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өткен жылы Маңғыстауда кісі өлтіру фактісі бойынша 43 тұлға сотталып, темір торға тоғытылған

27 Февраля 2017 (17:16) | 1801 | Автор: Нурганым Имашева

 

2016 жылдың 12 айында облыс соттарына түскен және қаралған қылмыстық істердің мәліметіне сай, ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы бойынша, адам өлтіру фактісіне байланысты 46 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс аяқталған, олардың арасынан 2 тұлғаға қатысты 2-іс прокурорға қайтарылған, 1 тұлғаға қатысты бір іс өндірістен қысқартылған.

 

23 қылмыстық іс бойынша 43 тұлға сотталып, темір торға тоғытылған.

 

Бұл мәліметтер Маңғыстау облысы соттарының 2016 жылы сот  төрелігін жүзеге асыруы бойынша өткізілген баспасөз мәжілісі барысында белгілі болды.

 

Шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Өсерханұлы Қарабаев, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ғабит Балтабайұлы Бастаубаев, БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судья Айжан Атшыбайқызы Молбаева, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Аманбек Шыршығұлұлы Қалпақов және БАҚ өкілдері қатысты.

 

2016 жыл қорытындысына сәйкес, республика соттары арасында Маңғыстау облыстық сотының соттар әкімшісі жұмыс сапасын бағалау нәтижесі бойынша 7 орынғашыққаны белгілі болды.

 

Рақымшылық заңымен бүгінгі күнге дейін неше адамның соттан босатылғаны туралы журналистер тарапынан қойылған сауалға облыстық соттың мамандары «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес 2016 жылы 2 материал қанағаттандырылды. 2017 жылдың 1 айында сотқа 406 - материал түсіп, 200-і қанағаттандырылған. 180-і қаралуда, қалғаны қайтарылған» деген жауап берді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему