Өткен жылы Маңғыстауда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 182 адам сотталған
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өткен жылы Маңғыстауда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 182 адам сотталған

27 Февраля 2017 (16:23) | 1258 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотында БАҚ өкілдеріне арналып, 2016 жылда сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәжілісінде айтылды.

 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Өсерханұлы Қарабаевтың мәлімдеуінше, «Облыс соттарында өткен жылы барлығы 2012 тұлғаға қатысты 1738 қылмыстық іс қаралған. Соның ішінде 1472 тұлғаға қатысты 1245 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған, 418 адам жөніндегі 377 іс өндірістен қысқартылған, заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес халде жасаған 4 адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған.

 

 Сот талқылауын жан-жақты жүргізіп, дұрыс сараптама жасау нәтижесінде 21 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылды.

 

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында барлығы 316 адамға қатысты 243 іс қаралған (2015 жылдың 12 айында барлығы 226 адам жөніндегі 168 іс қаралған)».

 

-Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сатуға байланысты 2016 жылдың 12 айында қаралған қылмыстық істер бойынша – 182 адам сотталған. Оның ішінде бас бостандығынан айырылғандар - 71 адам, түзеу жұмыстарына – 1 адам жіберіліп, 60 адамға түрлі көлемде айыппұл салынған, 45 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 2 адам бас бостандығынан шектелген, 2 адам шартты жазаға тартылған, 8 адам қылмысты қайталап жасаған, - деді Ержан Өсерханұлы журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему