Полицейлер тұтас бір отбасыны өрттен аман алып қалды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Полицейлер тұтас бір отбасыны өрттен аман алып қалды

27 Февраля 2017 (16:18) | 2157 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаудың іргесіндегі «Приморский» елді мекенінде орналасқан Весенняя көшесіндегі екі қабатты үй өртенді. Оқыс оқиға таңғы төрттердің шамасында болған. Түн ортасында шыққан тілсіз жау үйді лезде-ақ қызыл отқа орайды. Көмекке өрт сөндірушілерден бұрын Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы жол патрульдік полициясының қызметкерлері келіпті.

 

Түнгі кезекшілікте жүрген «Мираж-1» экипажының тәртіп сақшылары үйдің жанып жатқанын байқаған. Шұғыл әрекет етіп, үй ішіндегі бар адамды сыртқа алып шыққан.

 

ЕРҒАЛИ ЫСҚАҚОВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖПБ РОТА КОМАНДИРІ:

-Біз барғанда аулада уйдің иесі жүр екен. Денесін күйік шалған. Жағдайы мәз емес еді. Соған қарамастан қайта-қайта өртке қарсы ұмтылып, үйіне, бала-шағасына бармақ болды. Біз оның өміріне қауіп төнгендіктен жедел-жәрдемді күтпестен патрульдік автокөлікке отырғызып, облыстық ауруханаға алып бардық.  

 «Ал, күйік шалған азаматтың жолдасын құтқару үшін екінші қабаттан секіруге көндірдік. Біз оны төменнен қағып алдық»,-дейді тәртіп сақшылары. Олардың екі баласы да құтқарылды. Жалпы, өртенген үйде бас-аяғы 4 адам болған. Қазір отбасындағы үш адамның жағдайы жақсы. Ал, 51 жастағы отағасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

 

ИГІЛІК СЕРІКБАЕВ, ҚАРҚЫНДЫ ЕМДЕУ БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

-Науқастың денесінің 85 пайызын күйік шалған, үшінші дәрежелі күйік. Жағдайы өте ауыр. Күйікке байланысты әртүрлі сатылары бар. Соның ішіндегі ең ауыр сатысы. Әрі қарай жалпы жағдайын бақылауда ұстаймыз.

 

Осы оқиға бойынша 5 полиция қызметкерлері (1. Жол патрульдік полиция батальонының кіші сержанты Ерболат Акимбаев, Олжас Манапов, Еркін Өмірзақов, Сәбит Есімов және жол патрульдік полиция батальонының аға лейтенанты Ерғали Ысқақов) қызмет бабында өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқарып, командир нұсқауын бұлжытпай орындап, өмірлерін қатерге тіге отырып, азаматтарды құтқарған азаматтық ерліктері үшін облыстық ішкі істер департаментінің басшысына марапаттауға ұсынылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему