Алаяққа алданбайық, ағайын
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алаяққа алданбайық, ағайын

23 Февраля 2017 (20:24) | 2898 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Елімізде азаматтардың сеніміне кіріп «тез арада баспаналы болуына көмегім тиеді», «жер телімін алып беремін», «айлығы жоғары қызметке орналастырамын» деп бір нәрсеге тез қолын жеткізгісі келетін жаңдарға, камқорлық, жаңашырлық танытқан кейіпке кіріп, олардан қомақты қаражат алып, өз қара басының қамы үшін қаражатты қалтасына басып, түк білместей кейіп білдіріп жүретін алаяқтар көбейгендігі баршамызға белгілі.

 

Солай бола тұра азамттарымыз осындай іс әрекеттердің, алдау арбау көбейгендігін ести отырып алаяқтардың арбауына түсіп өз қолдарымен алаяқтын қолына қомақты қаражатты сала салуына таң қаласың. Мысалы, Түпқараған аудандық сотында мынадай іс қаралды.

 

Сотталушы Төлен алдау және сенімге қиянат жасау арқылы Форт-Шевченко қаласының тұрғыны Қалиданың сеніміне кіріп, қызын «НефтеСтройСервис Лтд» ЖШС-не жұмысқа орналастырамын деп сендірген. Жәбірленуші оның сөзіне сеніп, алдағанын сезбей, келісімін беріп, оның қолына 200 000 теңгесін ұстатқан. Ал, Төлен бұл әрекетін жалғастырып, Ерлан есімді азаматтан «Oil Service Compani» ЖШС-не оператор қызметіне жұмысқа орналастырамын деп, сеніміне кіріп, 530 000 теңгесін алдап алып кеткен.

 

Осындай жолмен әлгі алаяқ біреуден 630 000 теңге, екінші біреуден 500 000 теңге, тағы біреуден 200 000 теңге алдап алып кетіп отырған. Осылайша Төлен бірнеше рет ашық ұрлық жасаған.

 

Ауданымызда осындай алаяқтын алдауына түскен азаматтар арада біраз уақыт өткенде не кірген жұмысы жоқ, не қайтарған ақша жоқ, өздерінің алданғандарын түсініп, ішкі істер басқармасына арыз берген. Нәтижесінде Төленге қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 2 бөлігімен алаяқтық, яғни, бірнеше рет алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену деген қылмыстық құқық бұзушылықпен іс қозғалып, сотқа өткізілген.

 

Сотта Төлен жасаған іс әрекетін мойындап, өкініп, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Өзінің қарауында кәмелетке толмаған балалары барын да айтты.

 

Қазақ кешірімшіл халық қой. Алдына келіп, айыбын мойындаған соң әрі келтірілген шығынды өтейтін болғандықтан, көпшілік Төленге кешірім берді. Сот үкімімен оған 2 жылға бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

 

Заңнан айналып өтіп, оңай жолмен жетістікке қол жеткізуге асыққан жәбірленушілер де, «мың асқанға бір тосқан» болған алаяқ та іс сотқа жеткенде ғана өз қателерін, кемшіліктерін түсінген сыңайлы. Ендеше, өз құқығымызды біліп, заңымызды сыйлап, алаяқтың алдауына түсуден сақ болайық, ағайын.

 

Түпқараған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Гүлмира Ниязбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему