Қолжетімді бағада нан өндіретін наубайхана
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 17:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қолжетімді бағада нан өндіретін наубайхана

23 Февраля 2017 (20:22) | 4455 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Ақтауда қолжетімді бағадағы нан өндіретін наубайхана бар. Ас атасы дүкен сөрелерінде 55-60 теңгеден сатылады. Биыл мемлекет қолдауымен тынысы кеңейген кәсіпорында жиырмадан аса жергілікті тұрғын еңбек етеді.

 

Барлығы бірдей кәсіби білім алған мамандар. Наубайханадағы жұмыс қауырт. Себебі, қала бойынша 200-ге жуық сауда нүктесіне нан пісіріп, уақытылы жеткізулері тиіс.

 

Салауат Ерқасымұлы, қызметіне тыңғылықты мамандардың бірі. Кәсіпорындағы техника атаулыны жетік меңгерген жас өзгелерді өндіріске баулып жүр.

 

Салауат Ерқасымұлы, технолог:

-Басында келгенімде ештеңе білгенім жоқ, осында үйрендім. Наубайханадағы технологиялар жаңадан келген, соңғы үлгідегі. Олардың барлығымен жұмыс жасай аламын. Жалақыларымызды уақытында беріліп тұрады.

 

Наубайхана мамандарының айтуынша, бұрын ұнтақталған астықты ұн илегіш қазанға жеткізіп, қажетті қоспаларды салып илеуге және дайын қамырды қалыптарға құю жұмыстарына оннан астам адам тартылып келген. Бүгінде бұл жұмыстар мемлекет қолдауымен сатып алынған заманауи қондырғылармен жасалады. Сәйкесінше, өндіріс көлемі ұлғайып, кәсіпкер жұмсайтын шығын азайған.

 

Наубайхана тәулік бойы екі ауысымда сегіз мың дана өнім шығарады. Мұнда тек дастарханға қойылатын нан өнімдерінің алты түрі жасалады. Бес түрлі пішіндегі тәтті тоқаштарға сұраныс жоғары.

 

Эльбрус Мамедов, жеке кәсіпкер:

-Бірінші ашқан цехымыз шағын болатын. Үш жылдан соң аумағы мың текше метрлік кешен салып, «Даму» қорына жүгіндік. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 19 пайыздық мөлшерлемемен несие алдық. 20 млн теңге шетелдік құралдар сатып алуға жұмсалды.

 

 

Берешектің он пайызын мемлекет төлейді. Қалғанын кәсіпкер өтейді. Жанұялық кәсіпті жалғаған жас жігіт келешек кондитерлік цех ашуды жоспарлап отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему