Самбошылар аймақ абыройын асқақтатты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 10:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Самбошылар аймақ абыройын асқақтатты

22 Февраля 2017 (13:52) | 1664 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қарағанды қаласында әскери самбодан ересектер арасында ҚР чемпионаты және спорттық самбодан ҚР самбо федерациясының жүлдесіне арналған республикалық турнир аяқталды.

 Дүбірлі додада маңғыстаулық балуандар топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. Қуанышты жаңалықпен экстра-класс дәрежесіндегі төреші, облыстың самбодан аға бапкері Берік Жұмағалиев бөлісті.

Тарқатып айтар болсақ, «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 48 келі салмақта Балнұр Аппазова, 52 келі салмақта Нұркен Домбаев,  57 келі салмақта Руслан Сариев, 100 келі салмақта Айболат Мұратұлы алтыннан алқа тағып, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Сондай-ақ, 80 келі салмақта Нұрсая Өтеп күміс жүлдені және +100 келі салмақта Ғайса Қалмұханов, 52 келі салмақта Зина Хасан, 68 келі салмақта Эльмира Хасан қола жүлдені қанағат тұтты.

Жалпы жарысқа Астана мен Алматы қалалары және Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан келген 180 балуан қатысып, 9 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

-Қарағанды қаласында әскери самбодан ҚР чемпионаты және спорттық самбодан республикалық турнир өтті. Жарыста Маңғыстау құрамасының сапында 22 спортшы өнер көрсетіп, оның 8-і жүлделі орыннан көрінді.

 Жарыстан жеңімпаз атанғандар Азия және Әлем чемпионаттарына қатысатын болады. Жарысқа спортшыларды спорттық самбодан мен, әскери самбодан белгілі бапкер Асхат Хапанов және қыздарды Ғайса Қалмұханов дайындады.

 Самбошылар жақсы өнер көрсетті, барлық белдесулер өте тартысты өтті,-дейді облыстың самбодан аға бапкері Берік Жұмағалиев.

Жарыста 48 келі салмақта белдескен Балнұр Аппазова жартылай финалда алматылық балуанды 3:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алған. Ақтық кезеңде қостанайлық бойжеткеннен басым түсіп, 8:0 есебімен жеңіске жеткен.

 

 

Сондай-ақ, 100 келі салмақ бойынша топ жарған Айболат Мұратұлы қарағандылық, қостанайлық балуандармен кездесуінде бірден шабуылға көшіп, кілем иесі кім екенін байқатты. Қос балуанды да 8:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Финалда алматылық балуанды айқын басымдылықпен жеңіп, әскери самбодан Қазақстан Республикасының чемпионы атағына ие болды.

         -Алғашқы жылдары спорттық самбомен айналысып жүрдім. Кейін әскери самбоға ауыстым. Бүгінгі таңда «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығамын.

Одан бөлек облыста ішкі істер саласында еңбек етемін. Сондықтан да жарысқа баруға қолдау көрсетіп, мүмкіндік жасаған ІІД басшысы Қайрат Дәлбековке және облысқа белгілі бапкер, спорт жанашыры  Манарбек Бисекеновке ерекше алғыс айтамын. Ел үмітін ақтап, әлі талай жарыстарда облыс мерейін өсіруге жұмыстанатын боламын,-дейді Айболат Мұратұлы.

Жарыс қорытындысында Маңғыстау облысы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Жерлестерімізді аймақ абыройын асқақтатқан кезекті жеңістерімен қызу құттықтаймыз!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему