Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 05:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды

20 Февраля 2017 (17:31) | 2387 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотымен 22.12. 2016 жылы Ж.Т-тың «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келтірген тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімдерінің өзіне қатысты тұрғын үй бөлуден бас тарту, тізімнен шығару туралы бөліктерін заңсыз деп тану, күшін жою және құқықтарын қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. 

 

Талапкер Ж.Т. сотқа жүгінген талап арызында Ақтау қалалық әкімдігінде тұрғын үй алуға үміткер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтардың тізіменде 02.04.2003 жылдан есепте тұрғандығын, жанұясында алты баласы барлығын, бір баласы туылғаннан мүгедек екендігі, жұбайы «Күміс алқа» медалінің иегері екендігін, алайда пәтер алуға кезегі жақын қалғанда, тұрғын үй комиссиясымен арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, кезектен шығарылғандығын көрсете келе, Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының 31.08.2016 жылғы №11 санды хаттамалық шешімінің тұрғын үй беру туралы арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы бөлігін, 01.11.2016 жылғы №8 санды хаттамалық шешімінің тұрғын үй алу тізімінен шығару туралы бөлігі заңсыз деп танып, күшін жоюды және құқықтарын қалпына келтіруді сұраған.

 

Сот мәжілісінде және іс құжаттарынан анықталғандай, талапкер 02.04.2003 жылғы арызы негізінде Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының 29.04.2003 жылғы хаттамалық шешімімен көп балалы отбасылар (сегіз адам) санаты ретінде тұрғын үй алу кезегіне қойылған.

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 3, 9 тармақтарына сәйкес, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына көп балалы отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары жатады.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 22.05.2010 жылғы Жарлығымен талапкердің жұбайы Б.С. көп балалы ана ретінде «Күміс алқа» белгісімен марапатталған.

 

15.12.2015 жылғы анықтама бойынша талапкердің қызы С.Г. мүгедек – бала деп танылған. 31.08.2016 жылғы Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының №11 санды хаттамалық шешімімен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69 бабын негізге алып, талапкердің тұрғын үй беру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75 бабы 1, 5-1 тармақтарының талабы бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме берiледi. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткенмүгедектердiң жекелеген санаттарына және аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға дара (бөлек) қосымша бөлме берiледi. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейдi. Белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарғасай келмейтін тұрғынжайда тұрып жатқан азаматқа (отбасына) тұрғынжай беру нормасын есептеген кезде оның меншігіндегі тұрғынжай алаңының мөлшері ескеріледі. 

 

Іске тіркелген 04.01.2000 жылғы сатып алу шарты бойынша талапкердің меншігіндегі тұрып жатырған Ақтау қаласы, 3-71-5 пәтері бір бөлмелі, оның пайдалы алаңының көлемі 30,9 шаршы метр. Маңғыстау облыстық әділет департаментінің анықтамаларына сәйкес аталған пәтерде талакер өзімен есептегенде жеті адам болып тұрады, яғни әр адамға пайдалы алаңның көлемі 4,4 шаршы метрден келеді, заң талабы бойынша тұрғын үй әр адамға кемiнде 15 шаршы метр және көп дегенде 18 шаршы метр пайдалы алаң тиісті. Аталған департаменттің анықтамасына сәйкес, талапкердің атына басқа тұрғын үй тіркелмеген.

 

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №1420 санды Қаулысының 5-2тармағына сай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін тұрғынжайда тұрып жатқан азаматқа (отбасына) тұрғынжай беру нормасын есептеген кезде оның меншігіндегі тұрғынжай алаңының мөлшері ескеріледі.

 

Жоғарыда көрсетілген 15.12.2015 жылғы анықтама бойынша талапкердің қызы С..Г. мүгедек – бала деп танылған.

 

Іске тіркелген стационарлық науқастың медициналық картасында С. Г.-ның ауыруының диагнозы «Төменгі параплегия. Мойын жұлынының синдромы. Жамбас мүшелері функцияларының бұзылуы салдарынан нәжіс, несеп ұстамау». Яғни талапкердің қызы С.Г.- ның ауыруының диагнозы аталған Үкімет қаулысымен бекітілген созылмалы аурулар қатарына жатқызылатындығы көрінеді.

 

Осы заңдардың талаптарын ескеріп, сот мәжілісіндегі дәлелдемелерге баға бере келе, сот, Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының №11 санды хаттамалық шешімімен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69 бабын негізге алып, талапкердің тұрғын үй беру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдыру бөлігін заңсыз деп танып, күшін жоюға жатады деп тапты.

 

Талаптың Ақтау қаласы әкімдігінің 01.11.2016 жылғы №8 санды хаттамалық шешімінің тұрғын үй алу тізімінен шығару туралы бөлігі заңсыз деп танып, күшін жою туралы бөлігі бойынша, сот төмендегідей қорытындыға келді.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің 01.11.2016 жылғы №8 санды хаттамалық шешімімен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69 бабын негізге алып, талапкер пәтер алу тізімінен шығарылған.

 

Азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қорының есебінен шығару негіздері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73 бабында белгіленген.

             Аталған баптың талабына сәйкес осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, сондай-ақ көп балалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайды. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

-Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының 31.08.2016 жылғы №11 санды хаттамалық шешімінің Ж.Т.-тың тұрғын үй беру туралы арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы бөлігін, 01.11.2016 жылғы №8 санды хаттамалық шешімінің Ж.Т.-ты тұрғын үй алу тізімінен шығару туралы бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылсын.

             «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Ж.Т.-тың қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес бұзылған құқықтары қалпына келтіруге міндеттелсін.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему