Ақтауда білім беру жүйесі жаңа форматқа көшті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда білім беру жүйесі жаңа форматқа көшті

15 Февраля 2017 (15:28) | 1606 | Автор: Мира Ботабекова

 

Еліміздің батыс өңірлері жаңа форматта білім беру жүйесіне көше бастады. Мәселен, Маңғыстаудағы «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығынан өткен жылы 3 жарым мың адам дәріс алған. Бұл – Елбасы Жолдауында көрсетілген төртінші басым бағыттың нақты жүзеге асуының белгісі.

 

Айгүл Демеуова – өңірдегі жетекші дінтанушылардың бірі. Профессордың өмірлік ұстанымы – оқыған білімін өзгелермен бөлісу. «Болашақ» бағдарламасының степендиаты Сорбонне, Кембридж университеттерінен алған тәлімімен әріптестерін баулып келеді.

 

Айгүл Демеуова, профессор, философия ғылымдарының докторы:

 - Шетелде тәжірибе алмасудан соң білімгерден оқытушыға ауыстым. Ақтаудағы біліктілік арттыру орталығында ұстаздар жаңа форматтағы Қазақстан тарихы, бүкіләлемдік тарих пен құқық негіздерін меңгеруде. Биылдан бастап олар аталған пәндер бойынша дәріс бере бастайды.

 

Былтыр облыстағы барлық мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері орталықта біліктілігін арттырды. Яғни, мамандар министрліктің бұйрығына сәйкес 2016-2017 жылғы оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша білім беруде.

 

Индира Жұмағалиева, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры:

- Сапалы білім беру үшін елімізде мемлекеттік қолдаулар жасалып, жаңа инновациялар енгізілуде. Бірнеше тілді білуі мен бәсекеге қабілетті болуы секілді талаптарға сай мамандардың бар болуы – біздің мемлекетімізге ең қажетті мәселелердің бірі.

 

Ұлттық орталық биыл 60 мыңнан астам мұғалімді білім шыңдау курстарынан өткізуді жоспарлап отыр. Демек маңғыстаулық ұстаздар жаңа форматтағы оқу бағдарламасын толық құрамда меңгереді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему