Инвестициялық даулар жиі  кездеседі
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 09:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Инвестициялық даулар жиі кездеседі

15 Февраля 2017 (14:46) | 1468 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстауда инвестициялық даулар жиі кездеседі. Бұл туралы өткен аптада Маңғыстау облыстық сотында өткен 2016 жылғы сот төрелігін атқару қорытындысы туралы кеңейтілген кеңесте айтылды. Шараға ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаева, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, өңір судьялары мен сот қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңесті сот төрағасы ашып, жүргізіп отырды. Төраға 2016 жыл қорытындысына сәйкес республика соттары арасында Маңғыстау облыстық сотының соттар әкімшісінің жұмыс сапасын бағалау нәтижесі бойынша 7-орынға шыққанын айта келе, сот жүйесінің жалпы қызметі сот реформаларын жүзеге асыруға және Ұлт Жоспарында қойылған міндеттерді орындауға бағытталғандығын атап өтті.

- 2016 жыл сот жүйесі үшін жетістіктері мол, табысы зор жыл болды. Біріншіден, сот сатылары қысқартылып, жаңа Азаматтық процестік кодекс азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттейтін негізгі тетікке айналды. Екіншіден, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қазылардың VII съезі абыроймен өткізіліп, Судьялық Әдеп кодексі қабылданды, - деді Ж.Аланов. Осыдан соң екінші реформаның, яғни 100 нақты қадамның сот жүйесіне қатысты міндеттерінің жүзеге асырылғаны, 2017 жылғы Жолдаудың бесінші басымдығында айтылған тапсырмаларды орындау мақсаттары туралы айтты.

Шара одан әрі облыстық соттың алқа төрағаларының, Судья әдебі бойынша комиссия төрағасының, БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьяның, облыс бойынша соттар әкімшісінің басшысының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының баяндамаларымен жалғасты.

Маңғыстау облыстық соттарында 2016 жылдың 12 айында барлығы 2012 тұлғаға қатысты 1738 қылмыстық іс қаралған. Соның ішінде 1472 тұлғаға қатысты 1245 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған. Сот талқылауын жан-жақты жүргізіп, дұрыс сараптама жасау нәтижесінде 21 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген бірінші саты соттарына 2016 жылдың 12 айында 1231 іс, 21464 талап-арыз түсіп, барлығы 22 695 іс пен талап-арыздар тіркелген. Есептік кезеңде аяқталған азаматтық істердің саны ұлғайған (2015 жылдың 12 айында – 18807). Өткен жылы облыста 20 039 азаматтық іс өндірісі аяқталса, оның ішінде 12 663 (63,19%) азаматтық іс мемлекеттік тілде қаралған.

2016 жылы Маңғыстау облысының соттарымен барлығы 16105 адамға қатысты 16041 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып, аяқталған. Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда қаралған әкімшілік істер саны 786-ға азайған.

Медиаторлардың қатысуымен облыс соттарында 924 іс, оның ішінде судья медиаторлардың қатысуымен 493 азаматтық іс қаралған.

20-қадамда мемлекет басшысы барлық сот процестерін дыбыс-бейнежазба құралдарына жазу міндетін жүктеген болатын. 2015 жылы өңір соттарының 98 пайызы заманауи құрылғымен жабдықталса, Елбасы тапсырмасына сәйкес, 2016 жылы облыс бойынша сот мәжіліс залдары аталған құрылғымен 100 пайыз қамтылды.

Сот төрелігін атқаруда қағазбастылықтан арылу мақсатында заманауи технологияларды қолдану – бұл да ҚР Жоғарғы Сотының басты назарында тұрған мәселе. Маңғыстау облысы соттарында «Сот кабинеті» электронды сервисін қолдануды халық арасында насихаттау мақсатында тиісті шаралар қолға алынып, ақпараттар жариялануда. Есепті кезеңде «Сот төрелігі» электронды сервисі арқылы 17 721 талап арыз, 1549 өтініш, одан өзге құжаттарды қосқанда барлығы 21 128 құжат тіркелген.

Барлық баяндамаларды тыңдап, жұмыс барысымен танысқан А.Қыдырбаева Конституцияға енгізілетін өзгерістерге, сот жүйесіндегі реформаларға, нормативтік актілердегі жаңашылдықтарды, өзгерістерді қолдану тәртібіне тоқталды. Сонымен қатар, өңірде инвестициялық даулардың көп орын алуына байланысты осы санаттағы істерді қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Осыдан соң жиын салтанатты шараға жалғасып, жаңадан тағайындалған судьялардың ант қабылдау және марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему