Дзюдошылар Бакуден олжалы оралды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 16:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дзюдошылар Бакуден олжалы оралды

13 Февраля 2017 (17:10) | 1525 | Автор: Нурганым Имашева

 

         Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан өткен халықаралық турнир жерлестеріміз үшін табысты болды. Байрақты бәскеде маңғыстаулық 9 балуан жеңіске жетті. Қуанышты жаңалықпен «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Асхат Хапанов бөлісті.

         Жарысқа 12 салмақ бойынша 200-ден астам балуан қатысып, боз кілемнің шаңын қақты.

Халықаралық турнирде 55 келі салмақта күрескен маңғыстаулық балуан Төрекен Қобыланов пен 60 келі салмақта белдескен Жасұлан Асанов тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын жүлденің иелері атанды.

Одан бөлек, 35 келі салмақта Қуанышбек Көмеков, 38 келі салмақта Ержігіт Тәжімұрат, 42 келі салмақта Нұрлыбек Садықов, 55 келі салмақта Дарын Аймұратов, 90 келі салмақта Амир Алдабергенов жеңіске жетіп, күміс медальды иеленді. Үшінші орынды 38 келі салмақта Талғат Климов пен 60 келі салмақта Жандос Сағынғалиев жеңіп алып, қола медальдармен марапатталды.

         -Бұл турнир 2002-2004 жылы туған балалар арасында өтті. Жарысқа балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінен 9 балуан қатысып, барлығы да жүлделі орынды иеленді.

Халықаралық деңгейде өткен жарыста мұндай көрсеткіш көрсетудің өзі үлкен мәртебе. Жарыстан бөлек спортшыларымыз оқу-жаттығу жиынына қатысып, білікті бапкерлерден дәріс алып, шеберліктерін шыңдады.

Бұл бір жағынан ҚР чемпионатының алдындағы оқу-жаттығу жиыны болып есептеледі,-дейді «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Асхат Хапанов.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему