Маңғыстау облысында су басу кезеңіне дайындық
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында су басу кезеңіне дайындық

12 Февраля 2017 (13:02) | 1873 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Бұл жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы біздің редакциямызға Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Маңғыстау облысы аумағында су тасқыны кезеңінде қауіп төндіретін өзен, көл, су қоймаларының болмауына байланысты су тасқыны кезеңі жоқ. Қыста қар аз түседі.

 

Облыс аумағының климаттық жағдайының ерекшелігі аумақтың қатты нөсер жауын әсерінен болуы мүмкін су тасқынына ықтимал екендігін көрсетеді.

 

Маңғыстау облысы аумағында қатты нөсер жауын әсерінен 4 аудан су басу жағдайына тап болуы мүмкін, олар: Маңғыстау ауданы, Мұнайлы ауданы, Қарақия ауданы, Түпқараған ауданы және 8 елді мекендер.

 

Қатты нөсер жауын әсерінен болуы мүмкін су тасқынына ықтимал елді мекендерде су басу қаупі кезіндегі іс-әрекет бойынша 2017 жыл басталғаннан бері аудан тұрғындарымен жиындар өткізілуде.

 

Аталған тақырып бойынша тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізу жалғасуда. «Су басуға дайындық шаралары және су басу жағдайы қиындаған кездегі іс-әрекет», «Су тасқыны туындау қаупі кезінде халықтың іс-әрекеті» тақырыптарына ескертпелер әзірленді.

 

Сондай ақ, 2017 жылғы 10 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 орта мектебінде облыстың 77 мектебін қамтыған, 52 оқытушы және 1150 оқушының қатысуымен «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Су басу кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында он-лайн режимінде интерактивті сабақ өткізілді.

 

Облыс әкімі орынбасарымен «2017 жылғы көктемгі су басуды өткізуге дайындық, адамдардың қаза болуының алдын алу, Маңғыстау облысы аумағында болуы мүмкін шығынды төмендету, сондай ақ, су басуға қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша іс-шара жоспары» бекітілді.

 

-Су басу қауіпі туындаған кездегі іс – әрекет: сабырлық сақтаңыздар, мүгедектерге, қарт адамдарға көмектесіңіздер, құжаттарыңызды су кірмейтін пакеттерде сақтаңыздар, электр қуатын және газды сөндіріңіздер. Заттарыңызды үстіңгі қабатқа шығарыңыз немесе жоғары сөрелерге қойыңыздар, - деп ескертеді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему