Мейірімді медбике
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мейірімді медбике

12 Февраля 2017 (12:48) | 4084 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын» дейді халқымыз. Маңғыстау гуманитарлық колледжінің бөлім меңгерушісі Ақшолан САПАРҚҰЛОВА өзі еңбек ететін ұжымдағы қызметтесі туралы мақаласын біздің басылымға жолдаған екен. Автордың туындысын еш өзгеріссіз оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

 

Медицина саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, тұрғындар денсаулығының «сақшысы» атанып жүрген ақ халатты жандардың бірі, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің жоғары категориялы медбикесі-Людмила Панфилова.

 

Өмірінің 41 жылын медицинаға, соның ішінде жастардың денсаулығына арнап келе жатқан Людмила Панфилова 1953 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Төрт ұл мен екі қыздың ортасында тәрбиеленген Людмила жастайынан ажалға араша тұратын ақ халатты абзал жан болуды армандапты. Асқақ арманымен, таудай талабымен 1973 жылы Шымкенттегі медициналық училищеге құжат тапсырған.

 

-Анам Валентина жиі ауыратын. Бір күні анам қатты сырқаттанып қалып, дәрігерлер оған ота жасаймыз деген шешім қабылдағандарын айтты.

 

Біз қатты уайымдадық. Мен сол кездерден бастап дәрігер боламын, анам ауырса үнемі қасында болып, өзім емдеп аламын деп іштей шешім қабылдадым. Ота жасайтын хирург-дәрігер болуды армандадым.

 

Алайда көп балалы отбасында дүниеге келгендіктен, қолдың қысқалығынан жоғары оқу орнына оқуға түспей, Шымкенттегі медициналық училищеге барып, оқитын болдым.

 

Оқу орнын «жақсы» деген бағамен аяқтадым. Бүгінде соның жемісін теріп жеп, қызығын көріп отырмын,-дейді Людмила Панфилова.

 

Оқу ордасын табысты тәмамдаған жалынды жас маман 1976 жылы жолдамамен туған жеріне оралған. Алғашқы еңбек жолын Ақтөбедегі орталық аудандық ауруханадан бастаған.

 

Жас маман еңбекке етене араласып, көпшілікпен тез тіл табысып кеткен. Әлі күнге дейін алғашқы жылдары осы саланы барынша меңгеруге көмек көрсетіп, бағыт-бағдар берген ұстаздарына алғысы шексіз екенін айтады.

 

-Оқу орнын фельдшер мамандығы бойынша тәмамдап, еңбекке араластым. Қызығы мен қиындығы мол мамандығым өзіме ұнайды, талай жақсы адамдармен әріптес атанып, жұмыстас болдым.

 

Аталмыш салада кез-келген адам жұмыс істей алмайды. Ең бастысы, өз ісіңді жақсы көріп қана қоймай, төзімді болуың да керек.

 

Еңбек жолында әртүрлі қызықтар да, қиындықтар да кездесті. Қызметте жүрген әр минут, әр сағат, әр күндер мен үшін өте сәтті де, бақытты өтуде десем артық емес,-дейді Людмила Панфилова.

 

Людмила 1980 жылы ақмаржан Ақтау қаласында тұратын ағасы Викторға қонаққа келіп, теңізге ғашық болып қалғанын айтады. Жолдасымен ақылдасып, қасиетті өлкеде еңбек етуді жөн деп санаған.

 

Қызметін облыс орталығындағы №19 балабақшадан аға медбике болып жалғастырған. Төрт жыл табысты еңбек етіп, кейін №2 Ақтау қалалық емханасына ауысқан. Жаңа ортада хирургиялық бөлімшенің аға медбикесі болып еңбек еткен.

 

-Менің бала кездегі арманым хирург-дәрігер болу еді. Сол арманына сәл де болса, жақындағандай болдым. Хирург-дәрігердің көмекшісі болып жүріп, көп нәресені үйрендім. Отадан кейін маған келіп, таңу жасататын науқастар қолымның жеңіл екенін жиі айтатын.

 

Сол саланың қатты ұнағанынан кейін де болар, 20 жылға жуық уақыт тапжылмастан хирургиялық бөлімшеде жұмыс істедім. Кейін 2000 жылы шақыртумен Маңғыстау гуманитарлық колледжіне қызметке ауыстым.

 

Бүгінгі таңда осы оқу орнындағы әрбір жанның денсаулығын жіті қадағалап, қажет жағдайда кеңесімді беріп отырамын,-дейді Людмила Панфилова.

 

Қызметінде жемісті еңбек етіп, адамгершілігі мол азаматша болып қалыптасқан Людмила Панфилова Александр атты азаматпен отбасын құрған. Шаттығы шалқыған шаңырақта Сергей мен Юля өсіп, жетілді. Кейіпкеріміз бүгінде олардан алты немере сүйіп отырған бақытты ата-әже.

 

-Жолдасым құрылыс саласында жұмыс жасады. Балаларымыздың тәрбиесіне өте жауапкершілікпен қарадық. Қатарынан кем қылмай өсірдік, жоғары оқу орнында оқыттық. Бүгінде соның нәтижесін көріп отырмыз.

 

Перзенттерім медицина саласын таңдамады. Алайда, тоғыз жастағы немерем Полина дәрігер болғысы келетінін айтып жүр. «Мен өскенде дәрігер болып, әжемді емдейтін боламын» деп мені қуантып қояды...

 

Мен Қазақстандай мемлекетте өмірге келіп, осы жерден жұмыс тауып, еңбек еткенімді мақтан тұтамын. Осы жерден өмірлік серігімді жолықтырып, отбасын құрып, балаларымды өмірге әкелдім.

 

Ризашылығымды қазақ тілін еркін меңгеріп, жеткізгім келеді. Немерелерімнің де қазақ тілінде таза сөйлегенін қалаймын. Қазақша түсінемін, бірақ ойымды еркін жеткізе алмаймын,-дейді Людмила Панфилова.

 

Ұжымда беделді, студенттерге мейірімді Людмила Панфилованың еңбегі де басшылық тарапынан әрдайым жоғары бағаланып отырады. Маңғыстау медицинасын өркендетуге үлес қосқан білікті маман бірнеше Құрмет граммоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему