Судьяларға талап күшейді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 05:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Судьяларға талап күшейді

8 Февраля 2017 (19:39) | 1836 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың алтыншы съездінде «Қазақта «билік айту оңай, біліп айту қиын» деген сөз бар. Әділ қазылық ету – кез-келген судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз. Ең бастысы, би адал, әділ болуы керек. Қазы – халықтың ожданы», - деген болатын. Президентіміздің осы бір екі-үш ауыз тобықтай сөзінен судьяның халықтың, елдің айнасы екендін көреміз.

 

 

Бұрын Ата Заңымызға сәйкес, «Жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алатын». 2001 жылдан бастап, елімізде судьялыққа үміткерлерге қатысты жариялы және көп сатылы сипатқа ие конкурстық іріктеу жүйесі енгізіліп, судьялыққа үміткерлер біліктілік емтиханының қорытындысымен немесе Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Сот төрелігі инс-титутының оқу қорытындысымен іріктеуден өтетін.

 

Қазіргі таңда бұл жүйенің орнын жаңа жүйе толықтай алмастырды. Оған себеп, былтыр ғана халыққа жол тартқан «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 17-қадам. Онда «Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді», - деп көрсетілген. Бүгінде араға жыл салмай, бұл жүйе өз орындалысын тапты деп ауыз толтырып айта аламыз. Себебі, қатарластарынан оза шапқан судьялыққа үміткерлер осы жүйе арқылы саралануда. Яғни, «Сот және сот жүйесі туралы» Конституциялық заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, судьялыққа үміткерлер үшін 25 жастың 30 жасқа ұзартылуы құптарлық. Дипломды қолына енді ғана алып, екі-үш жыл жұмыс жасаған тұлғада тәжірибенің жеткіліксіздігі байқалары анық. Сондықтан, 30 жас судьялыққа үміткерлер үшін көптік етпейді. Кез келген нәрсе жастықтың буымен емес, еңбектің күшімен келсе оның берер жемісінің де дәмді болары күмәнсіз.

 

Заман талабына сай заңдарды жаңғыртып, талапты күшейту орынды деп санаймын. Судьялыққа талаптың күшеюі олардың қызметтегі жауапкершіліктерін арттыратыны даусыз. Өзінің қызметіне жанашырлықпен қараған кез келген судья жаңылысып, қателеспеуі тиіс. Сондай-ақ, судья халықтың сотқа деген сенімін нығайту үшін барынша ат салысып, алдына әділ шешім іздеп келген тұлғаларға әділеттіліктің әрқашан салтанат құратындығын құр сөзімен емес, ісімен дәлелдеуі қажет. Сонда ғана бұқараның сотқа, әділдікке, қала берді судьяларға деген сенімі қалыптасады. «Саптаяққа ас құйып, сабына қарауыл қойыпты», - демекші шығарған әрбір сот актімізді мұқият зерделеп, алдымызға келген тұлғаны барынша зерттейміз. Әрине, басына мантия киген Фемида қызметкерлерінің қызметі сырт көзге оңай көрінгенімен, әсте жүтемесі жетерлік. Сондықтан, біз үшін барлық жағдайлар жасап жатқан елде атымызға сай адал қызмет атқарғанымыз жөн.

 

Сүйеуова Гүлмира, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему