Маңғыстаулық самбошылар Қостанайдан 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медальмен оралды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 17:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық самбошылар Қостанайдан 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медальмен оралды

7 Февраля 2017 (17:23) | 1576 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қостанай қаласында КСРО спорт шебері В.В.Попов және В.И. Бабенконы еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

 

Жарысқа 2005-2008 жылы туған еліміздің әр аймағынан келген 390 балуан қатысып, бақтарын сынады. Олардың арасынан маңғыстаулық 13 самбошы топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды.

 

Қуанышты жаңалықпен балуандарды жарысқа дайындаған белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков бөлісті.

 

Тарқатып айтар болсақ,«Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 53 келі салмақта Мейрамбек Алдаберген алтыннан алқа тағып, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.

 

Одан бөлек 38 келі салмақта Айберген Қыдырғалиұлы күміс медальді иеленсе, 21 келі салмақта Нұрбақыт Есенгелді, 24 келі салмақта Ғабит Расулхан, 30 келі салмақта Абылай Қабиденов, 32 келі салмақта Бекет Алдияр, Ақалмас Мұрат қола медальдарды қанағат тұтты.

 

-Жарысқа апарған шәкірттерімнің арасынан 7 балуан топ жарып, үмітімді ақтады. Алтын медальді иеленген шәкіртім Мейрамбек-атыраулық,  қостанайлық, ақтөбелік балуандарды айқын басымдылықпен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда қостанайлық балуанды 8:0 есебімен жеңіп, таза жеңіске қол жеткізді.

Мейрамбек-бұған дейін Бакуде дзюдодан өткен халықаралық турнирде алтынды, Орал қаласында өткен республикалық жарыстан және халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы дзюдодан өткен халықаралық турнирде күмісті, Грузияда өткен халықаралық жарыста қоланы иеленген болатын.

Жарыстың қорытындысында тағы бір шәкіртім Мағжан Аяпберген ең жылдам әдіс жасағаны үшін арнайы номинациямен марапатталды. Мұның өзі біз үшін үлкен жетістік,-дейді «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Ерлан Серіков.

 

Жарыстың екінші күні «Жыңғылды» спорт интернатының балуандары

 

+55 келі салмақта Нұрсат Ғалымбекұлы мен 38 келі салмақта Сайфедин Кенжебай сәтті өнер көрсетіп, алтын медальдардың иесі атанды.

 

Сондай-ақ, 34 келі салмақта Қыдырбақыт Оңғарбай, 30 келі салмақта Елтай Бұхар күміс медальдарды еншіледі. 28 келі салмақта белдескен Сағыныш Қуанышұлы мен 38 келі салмақтағы Рысбек Ескендірге қола медальдар бұйырды.

 

Жарыс қорытындысында облыс қоржыны 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медальдармен толықты. Жалпы жарысқа «Жыңғылды» спорт интернатынан 21 балуан қатысты. Оларды халықаралық экстра-класс дәрежесіндегі төреші, белгілі бапкер Берік Жұмағалиев дайындады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему