Ақтауда «Мағаш» базарында өрт-тактикалық жаттығуы өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Мағаш» базарында өрт-тактикалық жаттығуы өтті

7 Февраля 2017 (14:11) | 1620 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығындағы «Мағаш» базарында «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған өрт-тактикалық жаттығуы өтті.

 

Бұл туралы біздің басылым редакциясына Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшіс Рукья Сычева хабарлады.

 

Дайындық шарасына № 1, 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері мен № 8 өрт сөндіру бөлімінің сарбаздары және Медициналық апат орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

 

Жаттығу үрдісі бойынша, 3 корпустың екінші қабатындағы № 65 сауда бутигінің жануы орын алды. Шынайы жағдайда мұндай өртті сөндіру күрделі болып келеді, себебі күндізгі уақытта сатып алушылар саны бірнеше мыңға дейін жетуі мүмкін. Тек базар әкімшілігін, заңды тұлғалар мен сатушыларды қосқанда қызметкерлер саны мың адамнан асады.

 

Базар аумағындағы жабық аймақтардан өзге сегіз жүзден астам сөрелер мен жүзден астам контейнерлер бар.

 

Жаттығу шынайылыққа едәуір жақын жағдайда өткізілді. Аралық аумақтарды шартты өрттен сөндіру және қорғау үшін екі жақтан өрт сөндіруші құралдар жеткізілді.

 

Өрт сөндіру штабы жайылды. Өрт орнына қосымша газ түтінінен қорғау қызметінің автокөлігі жолданып, түтікқұбырлар жеткізілді. Келген өрт сөндірушілер өрт гидранттарына автоцистерналарды орнатып, өртті сөндіруге кірісті. Барлық бөлімшелер бірыңғай үйлесімді механизм ретінде әрекеттенді.

 

Жаттығуға барлығы өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 78 адам мен 13 бірлік негізгі, арнайы және қосымша техникалар, соның ішінде АЦ-5-40, АЛГ-30, Бронто Скайлифт және басқа да техникалар жұмылдырылды.

 

Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ерлан Мауленов:

-Өткізілген жаттығудың мақсаты - жеке құрамның ауқымды көлемде адамдар келіп кету болатын ғимаратта өрттерді қабылдау және сөндіру тәсілдерімен, жылдам әрі нақты жауынгерлік өрістетуде жұмыстану, өртке қарсы қызметінің базар әкімшілігімен өзара іс-әрекетте жұмыстану, - деп жаттығу қорытындысын тәмәмдау кезінде айтып өтті.

 

Оның пікірінше, жаттығу - жеткілікті дайындықты және өртті жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, адамдарды және материалды құндылықтарды құтқару кезінде үйлесімді әрекетті байқатты.

 

 

 

Фото Рукии Сычевой

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему