Геоақпараттық карта арқылы көлеңкелі бизнеспен күреспек
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 18:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Геоақпараттық карта арқылы көлеңкелі бизнеспен күреспек

6 Февраля 2017 (18:08) | 1726 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаудағы Мемлекеттік кірістер басқармасы геоақпараттық карта жасақтап жатыр. Жоба 10 млн теңгеге бағаланған. Картада өңірдегі барлық мемлекеттік органның электронды деректері жинақталады. Сәйкесінше, салық төлеушілер туралы ақпарат бір арнаға тоғысады. Тың тәсіл «көлеңкелі» бизнеспен күресті нығайтып, ел қазынасын еселеуі мүмкін. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

 

Басқармаға қарайтын ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы күн сайын 200 адам қабылдайды. Кәсіпкерлер салық және кедендік рәсімдеуден бір жерден өтеді. Қызмет түрінің 85 пайызы электронды түрде көрсетіледі. Руфат Егізбаевтың есепшілікке ден қойғанына 15 жылдан асыпты. Тәжірибелі маман отандық салық жүйесіне енгізілген оң өзгерістерге дән риза.

 

Руфат Егізбаев, бухгалтер:

- Бұрын есепті қолдан жазып тапсыратынбыз. Қазірде «салық төлеуші» кабинеті арқылы электронды поштамен жібереміз. Осыған сай, халыққа қызмет көрсету жеңілдеді. Бұрынғыдай ұзын-сонар кезек жоқ.

 

Орталық IT-технологиялармен жарақтанғалы кәсіпкерлерге қызмет көрсету сапасы жақсарды. Елімізде алғаш рет азаматтар өтініштері тек электронды түрде қабылданып келеді.

 

Жәния Әбдірова, қала тұрғыны:

- Арызды жазбаша беруді уақыт талап етеді. Мен үшін қолайсыз. Қазір жағдай басқаша. Экранда көрсетілген нұсқамен өтінішімді толтырып, тапсырып тұрмын.

 

Құзырлы орган былтыр геосалықтық карта әзірледі. Мұнда Ақтауда тіркелген салық төлеушілер туралы ақпарат жинақталған. Орталықтағы экрандардан кез келген компанияның атауы мен бюджетке борышын көруге болады. Биылдан бастап құзыреті артқан деректер базасы «Атқарушы органдардың геоақпараттық картасы» деп аталады.

 

Жасұлан Серік, Ақтау қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

- 2016 жылға ендірудің нәтижесінде біздер жалақы мөлшерінің миллиард теңгеге жасырылғандығын анықтадық. 2016 жылдың қорытындысы бойынша камера бақылауының нәтижесінде бюджетке қосымша 5 млрд теңгеден астам ақша түсірдік.

 

Мазмұны жаңарған карта келер көктемде сынақтан өткен соң қолданысқа енгізілмек. Бұл өз кезегінде басқарма тарапынан тексерулерді азайтып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему