Ауыл кооперативтеріне жаңа жеңілдіктер жасалады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ауыл кооперативтеріне жаңа жеңілдіктер жасалады

6 Февраля 2017 (18:06) | 1620 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Фермерлерге екі есе салық салу туралы қауесет әңгімені Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов жоққа шығарды.

 

Вице-министрдің айтуынша, ешқандай да екі есе салық салу туралы сөз қозғалған емес. Керісінше, ауылдағы кооперативтерге арналған жаңа жеңілдіктер енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің primeminister.kz сайты хабарлады.

 

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жер салығы мен жер ресурстарын пайдалануға қатысты салынатын салықтан өзге, салық төлеу кезінде пайыздық жеңілдіктер қолданылатын арнайы салық режимі таратылуда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жердің болуы туралы талап қарастырылмаған», – деді Қ. Айтуғанов.

 

Сондай-ақ, қайта құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін заңды тұлғалардан арнайы салық режимі алынып тасталады.

 

«Ия, бұл солай. Бірақ, 2015 жылдан бастап аталған шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған көпшілік мақұлдаған режимін пайдалана алатынын есте сақтау керек. Ол 2015 жылдан бастап қолданыста. Көпшілік мұны біле бермейді», – деді вице-министр.

 

Аталған режим еңбекті өтеу қоры бойынша екі есе есеп айырысуға ерік бере отырып, ҚҚС төлеген жағдайда 70 пайыздық жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

 

Қайрат Айтуғановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы мен ұлттық экономика министрліктері бүгінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне салық салу мәселесін қарастырып жатқан жұмыс тобын құрды. Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп аталған салық салу жүйесін мұқият зерттеуі туралы нақты уағдаластық бар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему