Маңғыстауда табиғатты қорғау туралы заңдылықты бұзғандарға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалған
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда табиғатты қорғау туралы заңдылықты бұзғандарға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалған

5 Февраля 2017 (16:34) | 2440 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 

Ақтау қалалық прокуратурасында өткен баспасөз мәжілісінде журналистер тарапынан табиғатты қорғау саласында заңдылықтың сақталуы туралы сауалдар қойылып, оларға Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының өкілі жауап берді.

 

-Табиғат қорғау прокуратурасымен 2016 жылы браконьерлік бағыты бойынша 5 қылмыстық іс және мұнай қалдықтарын заңсыз сақтағаны үшін 2 қылмыстық іс қозғалды.

 

Уәкілетті және құқық қорғау органдарымен браконьерліктің алдын алу үшін іс жоспары бекітілді.

 

Маңғыстау облыстық ІІД-нің, жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып браконьерліктің алдын алу мақсатында бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

 

Атап айтқанда, рейдтік шараларды жүргізу барысында, Ақшұқыр елді мекенінің тас жолында автокөлік тоқтатылып, 77 келі бекіре тұқымдас балығын тасмалдағаны анықталды.

 

Аталған дерек СДТБТ-на Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен тіркеліп, Маңғыстау облыстық ІІД-мен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, Түпқараған аудандық сотының үкімімен тасымалдауды жүсеге асырған тұлға қылмыстық жауаптылық ретінде 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды,-деді Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары Смағұл Хасниязов.

 

Оның айтуынша, «Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен 2016 жылы заңдылықты нығайту тәртібі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

Жұмыс жоспарын жасақтау барысында прокуратураның басты назарында құқық қорғау органдарының жұмысын жандандыру, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда болатын браконьерлікпен күресу және қоршаған ортаға келтірілген залалдарды өндіру болды.

 

Аталған мерзім ішінде 21 тексеру жүргізіліп, оның қорытындысымен 19 прокурорлық актісі енгізіліп, 375 заңбұзушылық жойылып, 147 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1560 азаматтың конститутциялық құқықтары қорғалды.

 

Сонымен қатар, өткен жылы прокуратурамен мемлекеттің қаражатын толтыру бойынша басты жұмыстар жүргізілді.

 

Табиғат қорғау прокуратурасының талабы негізінде салық органымен жер қойнауын пайдаланушылардың қызметтеріне салықтық тексеру жүргізіліп, нәтижесімен 6 милиардттан астап қаражат мемлекет мүддесіне өндірілді.

 

Сондай-ақ, прокуратурамен соңғы 2 ай мерзім ішінде «Таза аймақ» және «Эмиссия үшін төле және бюджетті толтыр» атты жобалары жүзеге асырылды.

 

«Таза аймақ» жобасы бойынша облыс көлеміндегі 4000 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар жиналып, 57 түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қала-аудандарда 600-ге жуық қоқыс қалдықтарын тастайтын контейнерлер орнатылды.

 

Бұған қоса, жергілікті атқарушы орган және жеке кәсіпкерлер арасында тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалау арқылы қайта өңдеумен айналысуды жүзеге асыру бағытында меморандум жасақталды.

 

«Эмиссия үшін төле және бюджетті толтыр» жобасы негізінде 1 160 табиғат пайдаланушылармен қоршаған ортаға эмиссия рұқсаттар алынып, мемлекет мүддесіне 334 млн.теңге өндірілген».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему