Прокурорлар Ақтауда қылмыстар санының артқаны жайлы мәлімдеді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Прокурорлар Ақтауда қылмыстар санының артқаны жайлы мәлімдеді

5 Февраля 2017 (12:41) | 1790 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Облыс орталығында қылмыс саны көбейген. Өткен 2016 жылы кісі өлтіру қылмысы 2015 жылмен салыстырғанда 50 пайызға артыпты. Бұл туралы қалалық прокуратурамен ұйымдастырылған БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісінде айтылды.

 

Заңдылықтың сақталуын қадағалаушы органның мәліметінше, 2016 жылы кісі өлтіру қылмысы - 50%-ға (2015 ж .- 10 дерек тіркелсе, 2016 ж. – 15 қылмыс жасалған), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру - 73%-ға (2015 ж. – 15 болса, 2016 ж. – 26 оқиға орын алған), зорлау 63,6%-ға (2015ж. – 11 факт тіркелсе, 2016 ж. – 28 арыз түскен), есірткімен байланысты қылмыстар 12,9% -ға (2015 ж. – 54 болса, 2016 ж. – 61 факт анықталған) жоғарылаған.

 

Ақтау қаласының прокуроры Марат Тойжан:

-Кісі өлтіру және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстары көшеде, қоғамдық орындарда және тұрмыстық жанжал себебінен пәтерлерде орын алған. Бұл деректердің барлығы талданды, нәтижелері ведомствоаралық жиындарда қаралды, облыстық ІІД-не аталған қылмыстардың орын алу себептерін жою туралы прокурорлық ықпал ету актілері енгізілді, 26 лауазымды тұлға жазаланды.

 

Ақтау қалалық сотымен 2016 жылы 675 (555 - 2015 ж.) тұлғаға қатысты 580 (491) қылмыстық іс қаралып, 528 (420 – 2015ж.) тұлғаға қатысты 450 (2015 ж. - 367) қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері қабылданды, 131 (115) тұлғаға қатысты 116 (106) қылмыстық іс өндірістен ақтамайтын негізбен қысқартылды.

 

Барлық қылмыстық істер прокурорлардың қатысуымен қаралды.

 

Қылмыстардың тіркелуі бойынша Ақтау қаласының қай шағын аудандарында көбірек қылмыс жасалғаны туралы журналистердің сауалына жауап берген қала прокуроры: «Облыс орталығының 1,2,3,4,7, 22, 28 А шағынаудандарында 2016 жылы қылмыс көбірек тіркелген, олардың себеп-салдары талданып, қорытындысымен ІІБ-на хат жолданды. Профилактикалық жұмыстар жасау ұсынылды. Сонымен қатар, 12,13,14,27,28 шағынаудандарында қылмыс саны аз тіркелді.

 

Қазір ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен жасалған Қылмыстық аймақтардың картасы бар, электронды түрде шығарылған, қылмыс тіркелгеннен бастап осы картамен біле аламыз. Қай шағын ауданда, қай жерде қылмыс жасалғанын. Күнделікті талдай аламыз. Сондай мүмкіндік бар. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, ішкі істер органдары күнделікті өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда.

 

Бұл мәселе бойынша қала әкімшілігіне де ұсыныстар жасалып, бейне бақылауды көбейту, қаржы бөлу сияқты мәселелер қойылуда. Ал қала әкімі де жергілікті полиция бастығына қаланың аталған жерлерінде неліктен қылмыстар көбірек тіркелгені жөнінде өзінің сауалын қойып, қылмыстарды болдырмау, олардың алдын алуға бағытталған тиісті шаралар алынуда», - деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему