Ақтаулық прокурорлар салымшылар мен жұмысшылардың құқықтарын қорғады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 13:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық прокурорлар салымшылар мен жұмысшылардың құқықтарын қорғады

3 Февраля 2017 (12:18) | 1910 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық прокуратурасы жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісін өткізді. Басқосу барысында қала прокуроры Марат Тойжан 2016 жылы қадағалау органымен қоғамдағы заңдылықтың сақталуы, түрлі қылмыстармен күресу, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, т.б. бағыттарда атқарылған жұмыстардың қорытындылары жайлы айтып және журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Өзекті мәселелердің бірі салымшылардың құқықтарын қорғау. 2016 жылы 3-объект бойынша 314 салымшының мәселелерін толықтай шешуде шаралар алынды. Бұл нысандар – «Заветная мечта» тұрғын үй кешені, мұнда әкімдіктің араласуымен мәселе шешілді, әкімдік құрылыстың аяқталуы үшін бюджеттен ақша қаражатын бөлді. 12 шағынаудандағы және облыстық әкімдіктің қасындағы 14 шағынаудандағы «Хазар» кешені болып табылатын аяқталу сатысындағы 2 объект бойынша 87 салымшының құқықтары қорғалды, сонымен қатар 15 шағынаудандағы теңіз жағалауында салына бастаған «Ақжелкен» кешені салына бастап, құрылысы тоқтап қалған, бұл нысан бойынша мәселе күрделірек-осы 1 объект бойынша 7 салымшының мәселесі алда шешілуі тиіс. Олардың әзірге ешбіреуі де .құзырлы орындарға арызданған жоқ. Облыс орталығының 7-ші  шағын ауданына қарсы «Три короны» тұрғын үй кешені бойынша мәселе шешілді,- деді Ақтау қаласының перокуроры Марат Тойжан журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

 

Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік қиындықтарды арттырмау мақсатында 2016 жылы қала прокуратурасымен 11 кәсіпорындағы 511 жұмысшы тарапына 232 млн. теңге жалақы өндіруге шаралар алынғаны туралы айтылды.

 

Қазіргі таңда аталған жалақы бойынша берешектік жоқ. Банкроттық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақыларын өндіру бағытында қала прокуратурасымен нақты жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақтауда 119 жұмысшы алдында 42 млн.теңге қарыз 6 кәсіпорын бар.

 

-Еңбек инспекциясы аталатын құзырлы мекемемен бірлесе отырып, күнделікті монитроинг өткіземіз. Біршама мекемелерде жалақы бойынша қарыздар бар екені анықталды. Аталған 6 кәсіпорын дегеніміз банкроттық мкемелер, олардың екеуі бойынша қазір реабилитациялық процедуралар жүріп жатыр. Олар кезінде ешкімнің де араласу құқы жоқ. Өздерінің жоспары бойынша қарыздарын жабады.

Қалған 4 мекеме банкрот болып табылған. Олардың мүлкіне толық шектеу қойылған, шоттары жабылған. Мүлкіісі сатылған соң, жалақы бойынша қарыздарын өтейтін болады. - деп мәлімдеді қала прокуроры.

 

Ақтау қаласы прокуратурасымен өткен жылы әлеуметтік сала бойынша барлығы 66 тексеріс жүргізіліп, 1075 заң бұзушылық анықталған, олар бойынша 468 прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, нәтижесімен 4653 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалған, 302 заңсыз акт бұзылып, 626 тұлға, оның ішінде 209 тұлға тәртіптік, 7 тұлға материалдық және 410 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, мемлекет пайдасына 682 млн.теңге өндіріліпті.

 

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, уәкілетті органдармен жер заңнамасының қолданылуы және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері қадағалау органымен тұрақты түрде талдануда.

 

Баспасөз конференциясында көтерілген өзге де мәселелер жөнінде алдағы жаңалықтардан хабардар боласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему